Понедельник, 15 сентября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Павлодарда жоғалып кеткен ағайынды екі адамның мәйіті табылды

    Павлодар облысында із-түзсіз жоғалған ағайынды екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    «26 қазан күні сағат 16:20-да Ақжол ауылынан 25 шақырым жерде дала аймағында 1985 жылы туған екінші адамның мәйіті табылды. Сараптама тағайындалды», — деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

    Айта кетейік, олардың жоғалғаны туралы ақпаратты «Вита» іздеу жасағының еріктілері таратқан болатын. Олардың мәліметінше, 36 жастағы Бақытбек пен 53 жастағы Қабиден 5 қазанда «Хакім» шаруа қожалығы аумағынан шығып кеткен. Жоғалған екі ер адамның да ұялы телефоны өзімен болмаған.

    Полицияның мәліметінше, 19 қазанда Ақсу қаласының полициясына Екібастұз тұрғыны арыз берген. Ол екі ағасының із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлады. 5 қазанда сағат 17:00 шамасында олар шаруа қожалықтарының бірінің жайылымдық жерінен шығып кеткені анықталды. Аталған факті бойынша полицияның барлық жеке құрамы мен шекара маңы дереу хабарланды. Жедел қызметкерлер мен волонтерлерден жедел-іздестіру тобы құрылды.

    Айта кетейік, алғаш болып 25 қазан күні кешке далада аталмыш орыннан 20 шақырым жерде 1967 жылы туған адамның мәйіті табылды. Денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ, Сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша өлімнің себебі – ағзаның салқындауы.

    қатысты посттар

    «Үлгі аларлық челлендж» Айдын Рақымбаев дәрігерлерге 100 млн теңге бөлді

    Фариза

    Адам ағзасына ең пайдалы сусындар

    Желіде Алматыдағы балабақшада тәрбиешінің баланы азаптаған видеосы пайда болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.