10 C
Алматы
Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Әжейдің телефонын алып қойған шымкенттік полицейлер жұрттың ашуына тиді

    Шымкентте полиция қызметкерлері базар маңында сауда жасап отырған әжейдің телефонын алып қойған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Оқиға 24 қазанда Шымкенттегі “Қырғы базары” маңында болған. Видеоға полицейлер мен әжейді жақтаған тұрғындар арасындағы жанжал түсірілген. Тұрғындар әжейге белгіленбеген орында сауда жасағаны үшін айыппұл салмақ болған полиция қызметкерлерінің әрекетіне наразы.

    “Бүгін Шымкенттегі “Қырғы базарының” кіреберіс жерінде 3-4 келі жаңғақ сатып отырған әжеге екі полицей келіп, заңсыз сауда жасағанына айыппұл салмақшы болыпты. Әжеміз полицейлерден қорқып қалған болуы керек, ұлына хабарласпақшы болғанда телефонын да алып қойған көрінеді”, – делінген видео сипаттамасында.

    “Бұл жайт Әл-Фараби ауданы аумағында белгіленбеген орында жасалған сауда деректерінің алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері жүргізген рейд кезінде болған. Қазіргі уақытта видеода көрсетілген Әл-Фараби АПБ қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру тағайындалды. Тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін полиция қызметкерлері тиісті тәртіптік жауапкершілікке тартылады”, – деп жауап берген полиция қызметкерлері видеоға.

    қатысты посттар

    “Өмір бойына бас бостандығынан айыру, мораторий, зейнет жасының ұлғаюы” 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қандай заңдар күшіне енді?

    Фариза

    Атырау облысында кісі қолынан қаза тапқан 35 жастағы әйелдің артында жеті баласы қалды

    Фариза

    “Гарант 24” ломбардының иесі Аслан Мырзабеков Кишиневте ұсталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.