Суббота, 27 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Ресей Ауғанстанды террористік ұйымдар тізімінен шығармақ

    Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин 21 қазанда «Валдай» халықаралық клубының отырысында сөйлеген сөзінде «Талибанды» (Қазақстан, Ресей Федерациясы және басқа елдерде тыйым салынған ұйым) террористік ұйымдар тізімінен шығару мүмкін екенін айтты. Ол Мәскеудің ұстанымы «дәл осы бағытта қозғалуы тиіс» деп атап өтті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    ТАСС жазғандай, Ресей Федерациясы президентінің бұл мәлімдемесіне Ауғанстан уақытша үкіметінің СІМ өкілі Абдул Кахар Балхи жауап берді.

    «Ауғанстан Ислам Әмірлігінің» Сыртқы істер министрлігі Ресей президенті Владимир Путиннің АИӘ басшыларының есімдерін қара тізімнен алып тастау туралы айтқан сөздерін құптайды», – деді ол.

    Соғыс аяқталғандықтан әлем елдері Ауғанстанға деген көзқарастарына оң өзгерістер енгізуі керек. Біз өзара түсіністік қағидаты негізінде халықаралық қоғамдастықпен жақсы қарым-қатынасқа ұмтыламыз, деп қойды ол.

    қатысты посттар

    «Шу басылсын, көзіңе көк шыбын үймелетемін»: Жамбыл облысында басшылықтан қысым көрген дәрігерлер жұмыстан кетпек

    Фариза

    Бүгін сағат 11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

    Фариза

    Президенттің өкілеттігін қысқартып, Парламенттің ролін күшейту керек – Мемлекет басшысы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three + fourteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.