-8.1 C
Алматы
Суббота, 28 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Б. Сапанрбаев: Жол бойында жайылған мал иелері қатысты тексерістер жүргізу маңызды

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.

    Өңір басшысы ағымдағы жылдың тоғыз айында қылмыстық құқық бұзушылықтар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,5 пайызға, оның ішінде қылмыстар 6,6 пайызға, теріс қылықтар 13 пайызға төмендегенін атап өтті. Алайда, облыста аса ауыр қылмыстар артқандығы байқалады.

    Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Темірбек Оразымбетов жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты 367 учаскелік полиция инспекторы және олардың 85 көмекшісі қызмет ететінін айтты.

    Облыста барлығы 197 учаскелік полиция пункттері бар, оның ішінде, облыс орталығы Тараз қаласында 30, аудандарда 167 санды құрайды,-деген Темірбек Оразымбетов 119 учаскелік полиция пукттеріне жөндеу жұмыстары қажеттігін атап өтті. Жыл соңына дейін бірнеше ауылда учаскелік полиция қызметкерлері тұрғын-үй мен қамтылады.

    Темірбек Оразымбетов биыл жоспар бойынша 5 учаскелік полиция пунктін және 4 модульдік стационарлық бекеті салынатындығын жеткізді.

    Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасарының айтуынша, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 3 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 372 кг жоғары.

    Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев адам өліміне соқтыратын қылмыстар мен алаяқтық деректерді азайту үшін қажетті жұмыстарды жүргізу керектігін айтты.

    Жол-көлік оқиғаларына кінәлі жүргізушілерге қатаң шаралар қолдану керек. Жол бойында жайылған мал иелері қатысты тексерістер жүргізу маңызды, жерілікті қоғамдық ұйымдармен, белсенділермен бірігіп түңгі рейдтер жасау қажет. Бұл тұрғыда барлық құқық қорғау және мемлекеттік органдар бірлесіп жұмыс істеулері керек, — деген Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

    Өңір басшысы ағымдағы жылдың тоғыз айында қылмыстық құқық бұзушылықтар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,5 пайызға, оның ішінде қылмыстар 6,6 пайызға, теріс қылықтар 13 пайызға төмендегенін атап өтті. Алайда, облыста аса ауыр қылмыстар артқандығы байқалады.

    қатысты посттар

    Жамбыл облысы аумағында 646 ұңғыма қазылған

    Фариза

    Шымкентте зарарсыздандыру жұмыстары кең көлемде жүргізілуде

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: 6 АЙДА 110 МИЛЛИАРДҚА ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 + 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.