Таразда Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Белоруссиядан келген шетелдік заңгер ғалымдардың қатысуымен «Сот жүйесі ғалымдарының диалогы» I-Халықаралық форумы өтті.
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өз сөзінде сот төрелігінің өзекті мәселелерін талқылау және сот жүйелеріндамыту, сот құрылымы және заң үстемдігін қамтамасыз етудегі озық тәжірибемен алмасу алаңына айналған халықаралық форум жұмысының маңыздылығына тоқталды.
Сот жүйесі – билік тармақтарының бірі және оған әрдайым баса назар аударылады. Басты мақсат – адалдық, заңдылық, әділеттілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, азаматтардың құқықтарын қорғау. Сіздерге құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту, әлеуметтік, еңбек дауларын шешуде үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бүгінде сот жүйесіне реформа жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге асуда. Сондай-ақ, жаңа ақпараттық технологиялар қарқынды түрде қолданысқа енуде, «Виртуалды сот» жобасы іске қосылды, бұл жұмыстың жеңілдеуіне, халық үшін сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігіне мүмкіндік беруде. Осындай ауқымдағы іс-шараның Таразда өтуінің өзін мәні бар. Өңірімізден шыққан тұлғалар арасында сот жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқандар аз емес, — деді облыс әкімі.
Өңір басшысы жергілікті билік пен судьялар корпусы арасында тығыз қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын атап өтті. Медиаторлардың, билер кеңесінің жұмысына баса тоқталды. Бердібек Сапарбаев өз сөзінде сот төрелігінің өзекті мәселелерін талқылау және сот жүйелерін дамыту, сот құрылымы және заң үстемдігін қамтамасыз етудегі озық тәжірибемен алмасу алаңына айналған халықаралық форум жұмысының маңыздылығына тоқталды
Сот қызметкерлерінің заманауи, ыңғайлы нысанда жұмыс істеуі үшін биыл Жамбыл облыстық сотының жаңа ғимараты бой көтерді. Ол барлық талаптарға сай жабдықталған, — деді Бердібек Сапарбаев.
Форумға ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов, ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, Судьялар одағының төрағасы Сәкен Абдолла, судья-ғалымдар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан мен Беларуссиядан келген шетелдік заңгер ғалымдар қатысты.