30 C
Алматы
Понедельник, 28 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматыда әйелді ұрып-соғып, зорлаған ер адам ұсталды

    17 жастағы такси жолаушысы жүргізушіден далалық жерге баруын өтініп, вокзалдан үйіне қайтып келе жатқан екінші жолаушыға шабуыл жасаған, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

    Полиция мәліметінше, сағат шамамен түнгі 03.00-де әйел Алматы-1 теміржол вокзалынан үйіне қарай таксиге отырған. Салонда жүргізушіден басқа тағы бір жолаушы болған.

    Ер адам жүргізушіден далалық жерге бұрылуын өтінген, жүргізуші айтқанын істеген. Жолаушы осыдан кейін артқы орындыққа отырып, әйелді ұрып-соғып, зорлап, алтын бұйымын тартып алған.

    Зардап шеккен әйел полицияға арыз жазды.

    «Полицейлер Боралдайдың 17 жастағы тұрғынын ұстады. Уақытша ұстау изоляторына қамалған күдікті зорлық жасағанын мойындады. Тергеу соты соталды тергеу кезінде күдіктіні қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын таңдады», — делінген ведомство хабарында.

    22 жастағы такси жүргізушісі болса ұсталған ер адамның ауылдасы болып шықты, ол да полицияға жеткізілген. Сот тергеуі кезінде оның әрекетіне құқықтық баға беріледі екен.

    қатысты посттар

    Ақтөбе облысында әйелі мен енесін пышақтап қашып кеткен күдіктіге іздеу салынуда

    Фариза

    «Өз тәнін сату үшін барған деген өсек шығып жатыр» Аяжан Еділованың адвокаты тергеу барысы туралы сұхбат берді

    Фариза

    Шымкенттік «Вal-tekstil» кілем фабрикасы мақтааралға жалпы құны 6 млн теңгелік кілем жіберді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.