-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда «Күзгі спорт апталығы – 2021» шарасы қорытындыланды

    Тараз қаласындағы «Денсаулық» саябағында «Күзгі спорт апталығы – 2021» іс-шарасы қорытындыланып, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев оған белсенді қатысқан ардагерлер мен ақ халатты абзал жандарға алғысын жеткізді.

    Тұрғындар мен медицина қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттауға бағытталған шара барысында облыс басшысы тұрғындар арасындағы спорттық шаралардың тұрақты ұйымдастырылуының маңыздылығына тоқталды.

    Қимылдың, қозғалыстың, спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Неғұрлым көп жүрсек, соғұрлым деніміз сау болады, ұзақ өмір сүреміз. Спорт алаңдары мен осындай скверлерді, парктерді салып жатқандағы біздің мақсатымыз – қала тұрғындарына спортпен айналысуға, кешкі демалыстарын жақсы өткізуге жағдай жасау.
    Қазір бұл жер өздеріңіздің сүйікті жерлеріңізге айналды. Әсіресе ардагерлердің, жастардың, балалардың осында келетіні бізді қуантады. Осындай парк, сквер, алеялардға қала тұрғындары көп келетін болса, салынып жатқан нысандардың негізгі міндеті де, мақсаты да орындалғаны.
    Аға буынның спорттық шараларға атсалысып жүргені қуантады. Бұл өз кезегінде өсіп келе жатқан ұрпаққа үлкен тәрбие.
    Қарасу өзенінің жан-жағының барлығы сіздердің жүріп-тұратын орындарыңызға айналады. Ең бірінші мақсатымыз – осындай өзендерді пайдаланып, қала тұрғындарының игілігіне айналдыру,-деп облыс әкімі салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттау жұмысына белсенді атсалысып жүрген бірқатар азаматтарды Алғыс хатпен марапаттады.

    Шара аясында ұйымдастырылған жалпы жарыстың нәтижесі бойынша футболдан бас жүлдені Меркі аудандық орталық ауруханасының қызметкерлерінен құралған команда иеленді. Сол секілді үстел теннисі мен жеңіл атлетикадан да жекелеген сала қызметкерлері өзара бақ сынасып, марапатталды.

    Салтанатты шара барысында сөз алған скандинавиялық жүру командасының өкілі Сапарғали Тайшиков, жалпы аталған құрамада 85 жастағы қариялардың бар екенін де тілге тиек етті. Ол ел игілігі үшін көптен күткен аллеялар мен спорттық алаңшаларды салуды қолға алып, олардың санын да, сапасын да арттыруға басымдық берген облыс басшылығы мен демеушілерге алғысын жеткізді.

    қатысты посттар

    Жамбылда еңбекке бейім тұрғындардың тәжірибесін тиімді пайдалану мәселесі қаралды

    Фариза

    Қызылордада 896 медицина қызметкері үстемақы алды

    Фариза

    Шымкентте жаңа оқу жылы абай өлеңін оқумен басталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two + one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.