28.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 августа 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Оралда итті байлап алып, көшеде сүйреген жүргізуші анықталды

    Оралда жүргізуші итті көлікке байлап, көшеде сүйреген. Оқиғаны облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсіндірді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі «Мой город» сайтына сілтеме жасап.

    Әлеуметтік желіде көлікке байланған итті көшеде сүйреп бара жатқан видео таралып жатыр. Видео авторы артта келе жатқан көлікте не болып жатқанын видеоға түсірген. Оның айтуынша, кадр Оралда түсірілген.

    Қалалық полиция бөлімі көлік жүргізушісін анықтады. Ол — Орал қаласының 55 жастағы тұрғыны.

    «Өкінішке орай, ит өлді. Бұл дерек полиция бөлімінде тіркелді. Қазір қызметкерлер оқиғаның себептерін анықтап жатыр», — деп хабарлады полиция.

    Бұл Қазақстанда жүргізушілер иттерді көлікке байлап, қала көшелерімен сүйреген бірінші жағдай емес. Бұған дейін Екібастұзда 2020 жылдың соңында және Атырауда қаңтарда болған.

    қатысты посттар

    «Интерсекс» деген кім? Оны емдеуге бола ма?

    Балғынбек Имашев: Елбасыға алтыннан ескерткіш қойса да артық болмас еді

    Фариза

    Соғымға есекті сойып, ішегінен қазы жасағандар жұртты шошытты (фото)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.