9 C
Алматы
Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Түркістан облысында жоғалған бала арықта ұйықтап қалған жерінен табылды

    Түнгі сағат 23:30 шамасында Сайрам аудандық ПБ-ға баласын таппай қалған әйел хабарласып, көмек сұрады, деп хабарлайды  Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Тұрғынның айтуынша, оның 9 жасар ұлы күндізгі уақытта ойнауға кетіп, күн қарайғанша келмеген. Болмағасын өзі бірнеше сағат іздеген. Алайда өздігінен іздеуден нәтиже шықпағаннан кейін әйел, полицейлердің тауып беретініне сенім білдіреді.

    Оқиға кәмелет жасына толмаған баланың қауіпсіздігіне қатысты болғандықтан, ювеналды полиция тобы мен учаскелік инспекторлар шұғыл іске кіріседі. Жеткіншектің баруы мүмкін жерлер, жақын аумақтар мұқият тексеріледі. 1 сағатқа созылған іздестіру жұмыстары нәтижесінде, жоғалған бала табылады. Нақтырақ айтсақ, учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Нұржан Думбаев, балақайды үйінен 3 көше ары орналасқан арықта ұйықтап жатқан жерінен тауып, отбасына қайтарады. Баланың өзі мен ата-анасына профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

    Өз кезегінде қуанышын жасыра алмаған ана, тәртіп сақшыларына шынайы ризашылығын жеткізеді. Баласын аман-есен тауып, үйіне қайтарған полицейлердің жұмысына жеміс тіледі.

    Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға, ұл-қыздарын қараусыз қалдырмауды қатаң ескертеді. Балаңыздың қайда, кімге баратынын қадағалауға кеңес береді. Жалпы, жақыныңды жоғалтқаннан ауыр ештеңе жоқ. Сондықтан, бір-бірімізден алыстамай, қамқор болып жүрейік!

    қатысты посттар

    Қарулы Күштерде алғашқы ПТР-зертханасы іске қосылды

    Фариза

    “Вакцина құрамында магнит бар” – желіде тағы бір ақпарат талқыланып жатыр

    Фариза

    Бас мүфти: “халал” түсінігі модаға айналып кетті

    Пікір қалдыру

    three × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.