-15.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Б. Сапарбаев: «Құрылысқа бөлінген қаржы толығымен игерілуі тиіс»

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте құрылыс жұмыстарына бөлінген қаржының игерілу барысы сараланды. Оған жауапты басқарма басшылары, аудан әкімдерімен қатар тиісті мердігерлер те қатысты.

    Аймақ басшысы бірден мәселеге көшіп, құрылыстың мерзімі мен сапасына, конкурстардың кеш өткізілуіне, ЖСҚ әзірлеудегі олқылықтарға қатысты бірқатар ескертпелерін білдірді.

    Бұл тақырып бойынша бұған дейін де бірнеше мәрте кездесіп, тиісті тұлғаларға тапсырмалар жүктелген болатын. Алайда, бүгінгі нәтижелер ойдағыдай дей алмаймыз. Жыл аяқталуға жақын. Барлық жұмыстар сапалы орындалып, қаралған қаржы уақытылы игерілуі тиіс.
    Мұндағы басты себеп жыл басында бекітілген жылдық жоспардың әр айға бөлінісіндегі төлемдерді дұрыс жасамағансыздар. Салмақтың басым бөлігі 4-тоқсанға, яғни қараша-желтоқсан айларына қалдырылған. Соның салдары бүгін қаржының дұрыс игерілмеуіне әкелуде,- деді Бердібек Сапарбаев.

    Жиында соттың шешімімен тоқтап тұрған облыстық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу жұмыстары, мерзімі кестеден қалып келе жатқан мектептер, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынбаған көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы, техникалық қадағалау қызметтерін анықтау конкурстарындағы мәселелер жан-жақты талқыланды.

    Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүдана Жауынбекова «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясындағы кейбір жобалардың белгіленген мерзімнен айтарлықтай артта қалып отырғанына алаңдаушылық білдірді
    Аймақ басшысы мердігерлер мен басқарма басшыларына, аудан әкімдеріне жеке-жеке сауалдар жолдап, жауаптарын тыңдады.

    Келер жылға өтпелі деген болмайды. Осы жылға бөлінген қаржы биыл игерілуі керек. Соңғы айға дейін асықпай жүріп, жыл аяғы тақалғанда жүгіресіздер. Осы уақытта дейін тиісті шараларды неге жүзеге асырмадыңыздар? Олай болмайды. Мемлекеттік сатып алу басқармасымен жұмыс жасаңыздар.

    Ең бастысы құрылыс, жөндеу жұмыстарының мерзімімен бірге, сапасына да айрықша назар аударыңыздар. Бұл ретте құрылыс материалдарын өндіретін зауыттардың да жүктемесін арттыру маңызды. Қадағалауды күшейтіңіздер, қаржы толығымен игерілу керек,-деген Бердібек Сапарбаев тиісті облыс әкімінің орынбасарлары мен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

    қатысты посттар

    Жамбылда кондитерлік бизнес қарқын алды

    Меркі ауылында спорт кешені ашылды

    Фариза

    Шымкентте жаңа үлгідегі аялдамалар орнатылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.