-14.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Таразда аудан күндері өтуде

    Облыс әкімінің бастамасымен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тараз қаласындағы аудан күндері жалғасуда. Бұл жолы «Туған жерім – дархан далам» атты Жуалы ауданының мәдениет және өнер күні өтті.

    Шараға аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев қатысып, алдымен «Баласағұн» орталық концерт залында орналасқан аудан еңбеккерлерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін тамашалады. Келесі кезекте өңір басшысы кітап көрмесімен танысты.
    Тәуелсіздігіміздің отыз жылдық белесіне арнап, отыз әженің ұлттық киімде ән салуы, 30 өнерпаздың бір мезгілде «Балбырауын» күйін тартуы ерекше назар аудартты. Өңір басшысы түрлі ұлт өкілдерін ұлттық тағам көрмелеріне, Қазақ хандығының тарихынан сыр шерткен көрініске жақсы бағасын берді.


    Орталық «Баласағұн» концерт залында ұйымдастырылған «Туған жерім – дархан далам» атты концерті де көрерменнің көңілінен шықты. Концерттік бағдарлама «Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте» атты театрландырылған көрініспен басталды. Жуалылық әншілер Майра Шәкірбаева мен Ерлан Сазанбаевтың орындауындағы Бекболат Тілеуханның «Елім менің» әні тыңдармандарды тербей түсті.

    Концерт соңында аудан өнерпаздарына облыс әкімінің ықылас гүлі тарту етілді.

    Бекітілген жоспарға сәйкес, Баласағұн мәдениет сарайының алдына Талас ауданының ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге ауданнан 2,0 тонна картоп, 1 тонна көкөніс, 300 кг жылқы еті, 500 кг қой еті, 250 кг сиыр еті, 300 кг сүт өнімдері мен 200 кг балық және «Абдрахманова» ЖК—гі Қаратау тәттілерінің өнімдері қойылды.
    Аталған іс-шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Өңір басшысы ең алдымен аудандық орталық кітапхана тарапынан ұйымдастырылған кітап көрмесін аралады. Одан кейінгі кезекте Бердібек Машбекұлына Талас аудандық өлкетану мұражайының көрмесі ұсынылып, ондағы тарихи жәдігерлер таныстырылды. Өңір басшысын күмбірлеген күймен қарсы алған соң, Балалар өнер мектебі ұстаздарының өнерін тамашалап, жоғары бағасын берді.

    Бағдарламаға сәйкес, мәдениет сарайы аумағында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, ұлттық этномәдени орталықтарының және қол өнер шеберлерінің көрмелері қойылды.

    Шараның шымылдығы Талас ауданы әншілерінің әсем ән шашуымен түрілді. Концертке арнайы шақыртылған Қазақстанның эстрада жұлдыздары Жігер Ауыпбаев пен Сара Амангелді кештің көрігін одан әрі қыза түсірді.

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейін Әмір-Темірді мерейтойымен құттықтады

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ВОЛОНТЕРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

    Фариза

    Таразда тұңғыш рет «Ауыл әйелдерінің форумы» өтті

    Пікір қалдыру

    14 + two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.