-10.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбыл облысы Талас ауданында бірқатар нысандар пайдалануға берілді

    «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жерге туыңды тік» жобасы аясында Тұрымқұл ауылында демеушілердің көмегімен салынған «Ұлы Отан соғысы» ардагерлеріне арналған мәңгілік алау монументі, Балалар ойын алаңы, «Су бұрқақ» құрылысы мен «Ойық баба» мешіті пайдалануға берілді.

    Халыққа рухани қуат сыйлар мұндай нысандардың ашылуы Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жүзеге асырылуда. Имандылық ордасы саналатын мешіттердің ашылуы елдегі ынтымақ пен бірліктің сақталуына зор септігін тигізері анық.
    Жалпы, ауыл тұрғындарының жұмылып, ұйымшылдықпен атқарған жұмыстарының нәтижесінде «Ойық баба» мешіті бір жарым жылға жуық уақыттың ішінде толықтай аяқталды. 80 млн. теңгеге тұрғызылған имандылық үйіне қаржылай демеушілік танытқан — Мақұлбек Мырзақұлов.

    Тұрымқұл ауылындағы ашылған «Ойық баба» мешіті ауданымызда биыл ашылған екінші мешіт. Осындай игі іске қолдау білдірген азаматтардың арқасында аудан мешіттерінің саны 22-ге жетті.

    Одан бөлек, Ұлы Отан соғысына қатысқан ауылдан шыққан ардагерлердің есімдері жазылған «Мәңгілік алау» ескерткішін «Аралбек» шаруа қожалығының төрағасы Ерлан Аралбеков өз қаражаты есебінен тұрғызды. Отан үшін от кешіп, нағыз ерліктің үлгісін көрсеткен ардагерлерге арналған белгі құрылысына 5,5 млн. теңге жұмсалған. Ал, «Нұртас» шаруа қожалығының төрағасы Нұрдәулет Сәрсен 3,5 млн. теңгеге балалар ойын алаңын салып берді. «Бастаубай» шаруа қожалығының төрағасы Ғалым Бастаубаев сәні мен сәулеті келіскен «Су бұрқағының» құрылысына 2,5 млн. теңге бөліп, пайдалануға ұсынды.

    Туған ауылына сауапты ісін сыйлаған ел ағаларына Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек өзінің алғысын білдіре отырып, осындай жақсы іске ат салысқан барша ауыл халқына шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ мұндай игілікті істер әлі де жалғасын табатындығын жеткізді.

    Туған жерді көркейтуді мақсат тұтқан азаматтар шарапатты шаралардың мұнымен шектелмейтіндігін айтып отыр. Алдағы уақытта осы нысандардың жанынан ауыл жастарына арнап спорт алаңы мен қыстық спорт зал тұрғызылмақ. Жиын соңы арнайы дайындалған концерттік бағдарламамен және ұлттық ат спорты ойындарымен жалғасты.

    қатысты посттар

    Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

    Фариза

    Сыр еліндегі Жастар театры 23 қойылым сахналады

    Фариза

    Шымкент: Провизорлы орындар мен күндізгі стационарларда ем алушылар 77%-ға азайды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.