-4.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Б. Сапарбаев: «Біз барлық қиындықты бірліктің арқасында еңсеріп келеміз»

    Рухани келісім күніне орай Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі діни конфессия өкілдерімен кездесіп, мерекелерімен құттықтады.

    Қазақстанда діни дәстүрлер тәуелсіздік алғаннан кейін қайта жандана бастады. 1992 жылғы 18 қазанда Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бірінші дүниежүзілік Рухани келісім конгресі өтті. Қатысушылар сол күнді Рухани келісім күні деп жариялауға шақырды. Бұл мереке Қазақстандағы бейбітшілік пен тұрақтылық сақтау үшін ұлтына және діни сеніміне қарамастан, бәрімізді біріктіре түседі.
    Конституцияда ар-ождан бостандығына кепілдік берілген біздің елде 18 конфессия бейбіт қатар өмір сүруде. Біз бірлік, толеранттылық және мейірімділік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қоғамдағы келісім мен тыныштықты сақтап келеміз. Бұл туралы «Қазіргі кезеңдегі этносаралық келісім: тәжірибе мен алдағы міндеттер» халықаралық конференциясы барысында шетелдік сарапшылар да айрықша тоқталды. Конференцияға қатысушылар «Бейбітшілік пен келісім» жобасын жүзеге асыру бойынша Жамбыл облысының тәжірибесін таратуды ұсынды. Бірлік пен рухани келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлестері үшін діни конфессия өкілдеріне алғыс айтқым келеді, — деді өңір басшысы.

    Діни конфессиялардың өкілдері өздерінің халық арасындағы бірлік пен келісімге бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясатқа сәйкес жұмыс істейтіндерін атап өтті.

    Облыстағы 300-ден астам мешіттің қызметі көпұлтты және көпконфессиялы еліміздің бірлігі мен келісімін нығайтуға негізделген. Жыл басынан бері ҚМДБ-ның облыстық филиалы 300-ден астам қайырымдылық іс-шараларын өткізіп, 5500 тұрғынға көмек көрсетті. Осы жылдың өзінде «Асарлатып үй салу», «Ел үлесі – пәтерге» жобалары аясында 8 көпбалалы отбасы баспаналы болды, — деді ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өңірлік өкілі Бейбіт Мырзагелдиев.

    Тараз қаласы Орыс-Православ шіркеуінің басшысы Дмитрий Сташенко Рухани келісім күні Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының нәтижесінде пайда болғанын атап өтті.

    Облыстық «Әжелер кеңесінің» төрайымы Жәмила Жұмабаева әжелер кеңесі облыстың барлық қалалары мен аудандарында құрылғанын айтты. Олардың құрамына 76 әже енген. Жыл басынан бері олармен 11 кездесу және 27 іс-шара өтіпті. Аймақ басшысы әжелердің «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие орталығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде өзара ынтымақтастықта жұмыс істеу қажеттігіне назар аудартты.

    Қордай ауданы, Бұлар батыр ауылы мешітінің имамы Двумар Гуйчир қазір имамдар үйінде діни қызметкерлер қазақ тілін белсенді меңгеріп жатқанын айтты. Діни бірлестіктердің басқа да өкілдері мемлекеттік тілді үйренуде десек, басқосуда Пресвитериан шіркеуінің миссионері Ын Джун Ли өз ықыласын мемлекеттік тілде жеткізді. Пресвитериан шіркеуінің басшысы Анжелика Ли, «Жетінші күн Адвентисттер» шіркеуінің басшысы Олег Ким, «Тараз қалалық өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Абдурахман Зайнутдинов те ой-пікірлерін ортаға салды.

    Халқымыз көптеген қиындықтарды бастан өткерді. Бірақ сабырлылық, татулық пен бірліктің арқасында кездескен ауырлықтарды еңсере білдік. Алдағы уақытта да біз барлық сынақтарды бірге жеңетінімізге сенімдімін, — деп түйіндеді Бердібек Сапарбаев.

    қатысты посттар

    Ауылды дамытудың басты жолы қандай?

    Ауылды жерде шағын кәсіпкерлікті дамыту

    Ақтөбе облысында ғана кездесетін құнды тастарды шетелдіктер тасып әкетіп жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.