-15.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шетелдік сарапшылар Тараздағы конференцияға оң бағасын берді

    Израильден келген саяси стратег, «Азия. Үлкен ойын» бағдарламасының жүргізушісі, «Asia. Great Game» (Израиль) жобасының жетекшісі Дэвид Эйделман ұлтаралық келісімге негізделген халықаралық конференцияның көне Тараз төрінде өтіп ұйымдастырылуының маңызын жоғары бағалады.

    Мұндай ауқымды әрі маңызды шараның Таразда өтуі өте орынды. Осыған бастамашы болған Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Жамбыл облысының басшылығы алғысымды ризашылығымды білдіргім келеді.
    Тараз – тарихта бірнеше рет өркениеттік шайқастар өткен, әлемдік шекараға айналған жер. Бұл қаланың іргесін бір кездері Қытай экспансиясынан қашып, Таласты паналаған ғұндар қалаған. Византия да, римдік алдынғы жасақтар да Таластан аса алған жоқ. Олар дәл осында тоқтады. Мұнда мұсылмандар Қытайға жойқын тойтарыс берген Ұлы Талас соғысы өткен. Бұл жерде мыңжылдық маңызы бар айтуылы оқиғалар орын алды.
    Дәл осы Таразда бірегейлік саясатына қатысты сұрақтардың талқылануының символдық мәні зор. Мені осы тұрғыдағы мәселелердің Қазақстандық шешу жолдары қызықтырады. Өйткені Қазақстан этностық тұрғыдан өте күрделі мемлекет. Мысалы, Украинадағы секілді жағдайлардың орын алмауына сіздердегі саяси басшылықтың, Тұңғыш Президент – Елбасы мен қазіргі Мемлекет басшысының еңбегі елеулі, — деп атап өтті Давид Эйдельман.

    Израильдік сарапшының пікірінше, Қазақстан бір-біріне ұқсамайтын түрлі ұлт өкілдерін жақындастырған, жайлы орта қалыптастыра алған ел. Оған бірегейлік саясаты арқыл қол жеткізген.

    Жарты ғасыр бұрын жарық көрген «Джентльмены удачи» фильмінде Василий Алибабаевич есімді кейіпкер осы қаланы А әрпімен атауды сұрағанда: «Джамбул, өйткені ол жақта жылы, онда бәрі жақсы, онда менің анам бар» дейді. Түсінгенге, осы сөзде көп мағына жатыр.

    Қазақстанның тең құқықты қоғам құрудағы және ұлтаралық келісімді нығайтудағы тәжірибесін Киев қаласының саясаттанушысы, филология ғылымдарының кандидаты Андрей Бузаров та атап өтті.

    Мен үшін Таразға келу үлкен мәртебе. Мен Қазақстанда бірнеше рет болдым, бірақ бұл қалада алғаш рет келіп тұрмын. Мұндай мүмкіндік сыйлап, ауқымды конференцияға шақыртқан ұйымдастырушыларға, жергілікті билікке алғыс айтқым келеді. Украиндар мен қазақтар арасында ұқсастықтар өте көп. Бізде тіл, мәдениет, тарих, жастарды қолдау, өңірлерді дамытуға байланысты көптеген мәселелер бар. Олар біз үшін ортақ. Бұл тақырыптағы конференцияның Жамбылда өтуі өте маңызды, өйткені сіздерде этносаралық диалог құру тәжірибесі қалыптасқан.

    Мен сізден келесі хабарламаны қабылдау мүмкіндігін пайдаланғым келеді — қақтығыстың ерте сатысында консенсус іздеу мүмкіндігі. Егер келіспеушіліктің этносаралық аспектілері, тілге қатысты түсініспеушіліктер орын алса, оны ушықтарудың қажеті жоқ, Ерте бастан алдын алып, оларды тыңдай білу керек, — деді А.Бузаров.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ 235 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

    Фариза

    Шымкент: Электронды карталар 10-қазаннан бастап саудаға шығарылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.