-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда 112 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

    Жыл басынан бері облыс аумағында пайдаланусыз жатқан 112 100 гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет мешігіне қайтарылған. Оның 104 849 гектары жайылым болса, 7 251 гектары егістік алқап. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.

    Жайылым тапшылығы әлі де өзекті. Біз әрбір шаруа қожалық пен отбасындағы мал басын есептеп, соған сәйкес олардың үй іргесінде немесе жайлау мен қыстауға апарып бағуға қажетті мал санын саралап отыруымыз керек. Бұған дейін, сатылып, беріліп қойған жерлерді қазіргі таңда иелері ұтымды ұқсатып отыр ма? Соны зерделеуді жүктеген болатынмын,- деп аймақ басшысы тапсырмалардың орындалу барысына назар аудартты.

    Жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Әбілхайыр Тамабектің айтуынша, пайдаланусыз жатқан жерлерді қайтару жоспары артығымен орындалып, 137 пайызды құраған.

    Жыл басында биыл пайдаланылмай жатқан 82 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жоспар бекітілген. Бүгінгі таңдағы жағдай бойынша облыс көлемінде жалпы 112 100 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қайтарылып, жылдық жоспардың орындалуы 137%-ды құрады.

    Жалпы жоспар Сарысу ауданында 405 пайызға, Т. Рысқұловта 144, Мойынқұмда 128, Таласта 127 пайызға орындалса, Байзақ, Меркі, Жуалы аудандарында бұл бағыттағы жұмыстар көрсеткіші төмен,-деді басқарма басшысы.

    Жиында төмен көрсеткіш көрсетіп отырған аудандарда жарты жылдан бері жер инспекторлары тағайындалмай отырғандығы айтылды.

    Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы құрылған жұмысшы топтарымен жүргізілген зерделеу нәтижесінде облыс аумағында барлығы 271 623 гектер жердің игерусіз жатқандығы анықталған. Оның 19 346 гектары егістік жерлер десек, 252 277 гектары жайылым. Бұл жерлерді 2022 жылдың соңына дейін толығымен қайтару бойынша жоспар қайта түзіліп, бекітілген.

    Әбілхайыр Тамабек жоспарды орындауға толық мүмкінішілік бар деп сендірді.

    Бізде жерге қатысты арнайы дерекқор болу керек. Оған әрбір ауылдық округтің жерлері есептеліп, енуі тиіс. Осыдан он жыл бұрынғы мәлімет пен қазіргі ақпараттардың сәйкестігін салыстыру қажет,-деді өңір басшысы. Жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтияр Көпбосынов əрбір ауылдық округте бос жатқан жер телімдері бойынша жер картасы жасалып, шаруалармен меморандумға қол қойылғанын жеткізді.

    Прокуратурамен бірлескен зерделеу барысында 683,6 мың гектар жайылым жетіспейтіндігі анықталды. Оны шешудің бес бағытын қарастырып отырмыз. Бірінші бағыт – босалқы жер қорындағы жайылымды елді мекенге бекіту, екіншісі, 5 километрлік радиуста орналасқан жайылымдарды қайтарып, елді мекенге бекіту. Үшінші – мал басы көп тұрғындарды орман қоры жеріне шығару, төртінші, шаруа қожалықтардың жерлеріне кедергісіз мал жаюға келісімге меморандум жасау. Соңғысы игерілмеген жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару. Бұл бағыттар 2022 жылы жыл қорытындысымен толығымен жайылым жетіспеушілігі шешіледі, — деді Бақтияр Көпбосынов.

    Осы мақсатта биылдың өзінде босалқы жер қорынан 166,3 мың гектар жайылымға берілген. Ал 9,8 мың гектар жерді шаруашылықтар өз еркімен қайтарса, игерілмей отырған 126,3 мың гектардың иелеріне ескерту жасалған. Ал 2071 шаруа қожалықпен 486,5 мың гектар жерге мал жаюға меморандум жасаған.

    Атқарылған жұмыстардың қорытындысы болуы тиіс. Әрбір ауылдық округтің еншісіндегі жер қаралып, оның ревизиясы жасалып, электронды картаға енгізілуін қадағалау керек. Әр мал басына есептелген қажетті норматив бойынша тұрғандар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту – маңызды, — деген аймақ басшысы аудан әкімдері мен осы салаға жауапты орынбасарына және тиісті басқармаларға жұмысты жандандыруды тапсырды.

    қатысты посттар

    Шымкентте карантиндік шектеу тағы да ұзартылды

    Фариза

    Шымкентте коронавирусқа шалдыққан келіншек дені сау сәбиді дүниеге әкелді

    Фариза

    ШҚО-дағы денсаулық сақтау саласында JCI стандарты бойынша қызмет көрсету оң жолға қойылды

    Пікір қалдыру

    seven + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.