-13.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Б. Сапарбаев: «Баға бақылауда болуы тиіс»

    Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңес отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі қаралды.

    Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Амановтың айтуынша, облыс әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 9 түрімен артығымен, ал 8 түрімен ішінара қамтылған. Ал екі тауар (күріш, қарақұмық жармасы) басқа өңірлерден жеткізіледі екен.

    Сондай-ақ жетіспейтін тауарлардың үлесін арттыру мақсатында 7 кәсіпорынмен жұмыстар жүргізілуде. Атап айтар болсақ, қант өндірісін арттыру мақсатында «Қызылша» акционерлік қоғамы Шу ауданында қант зауытының құрылысын бастаған. Зауыт іске қосылғанда өндіріс 200 мың тонна дейін жетіп, облыстың сұранысын 10 пайызға, республиканың сұранысын 60 пайызға қамтуға мүмкіндік тумақ. Өндіріс көлемінің артуына байланысты 2024 жылы қант қызылшасының егістік алқабын 30 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Басқарма басшысы жылдан-жылға өңірде қант өндірісінің көлемі артып келе жатқанын тілге тиек етті.

    Ағымдағы жылы Жуалы ауданында іске қосылған екі цех сүт өндірісін жылына 18 мың тоннаға дейін арттырмақ. Сонымен қатар құс етін өндіру бойынша бүгінгі таңда облыста ірі жобалар іске асырылуда. Мәселен, «Алель Агро» және «Аса Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері 2024 жылға қарай құс етінің өндірісін 65 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлауда.
    Қ. Аманов бағаны тұрақтандыруда «Алқаптан сөреге дейін» жобасының көп септігі тиіп жатқанын жеткізді. Жобаға 29 өңдеуші кәсіпорын қатысуда. Жоба аясында шаруашылықтардан 158 тонна көкөніс өнімдері өткерілген.

    Бұдан бөлек облыс әкімінің тапсырмасымен басқа облыстармен меморандум жасалып, қажетті азық-түліктер жеткізілуде.
    Аталған меморандум аясында Түркістан облысынан 2 385 тонна көкөніс, Шығыс Қазақстаннан 847 тонна күнбағыс майы, 300 тонна қарақұмық, Қызылордадан 4 580 тонна күріш, 1 000 тонна тұз, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарынан 20 000 000 дана жұмыртқа, 15 мың тонна ұн, Павлодардан 450 тонна қарақұмық, Нұр-Сұлтаннан 50 000 000, Алматы қаласынан 30 000 000 дана жұмыртқа әкелінсе, Ресейден 20 000 мың тонна қант импортталған.

    Басқарма басшысы әлеуметтік дүкендердің де жұмысына тоқталып, кейбір әлеуметтік дүкендердің жұмысы сын көтермейтіндігін жасырмады.

    Сондай-ақ жиында облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев көмірмен қамту шараларының барысы туралы баяндады.

    Өзімізден өндірілетін тауарлармен өзімізді толық қамту керекпіз. Бағаны бақылауда ұстау – міндет. Халықты толғандыратын негізгі мәселелердің бірі осы,-деген аймақ басшысы күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша жұмыстарды ширатуды тапсырды.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: 30 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫННЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ШЫҒЫНЫ ӨТЕЛЕДІ

    Фариза

    Қызылордада қосымша 3 зертхана іске қосылады

    Фариза

    Қоймаң болса қор болмайсың

    Пікір қалдыру

    nineteen − four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.