-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбыл облысы экономикалық өсім бойынша республикада үздік үштікте

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте ағымдағы жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды.

    Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, есепті кезеңде облыстағы экономикалық өсім 104,6 пайызды құраған (республикалық көрсеткіш — 104,1 пайыз).

    Өнеркәсіптегі өнім көлемі 105,5 пайызды, ауыл шаруашылығы — 100,2, құрылыс — 106,2, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі — 111, инвестициялар — 111, ал сауда көлемі 105,3 пайызға айналған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлік-логистика саласындағы көрсеткіштер 6 пайызға артты. Ағымдағы жылдың екі тоқсанында орташа айлық жалақы 203,8 мың теңгені құрап, атаулы көріністе 25,8 пайызға өскен.

    Жамбыл облысы өңірлер арасында үшінші орынға тұрақтады, — деді Г.Жауынбекова.

    Жиынға бейнеконференция режимінде қатысқан аудан әкімдері жыл қорытындысымен кемшіліктерді түзететіндіктерін жеткізді.

    Көрсеткіштер жаман емес. Бірақ сіздер әлі де жұмысты күшейте түсу керексіздер. Экономикалық көрсеткіштер жүз пайыздан жоғары және орташа республикалық көрсеткіштен төмен болмауы тиіс. Біздің міндетіміз – өңірдің экономикалық даму қарқынын бәсеңдетпеу. Ешқандай сылтау қабылданбайды. Аудан әкімдері, басқарма басшылары күн сайын негізгі экономикалық индикаторлардың орындалуын талдап отыруға міндетті. Жыл аяқталуға жақын, кемшіліктерді тез арада жою керек, — деді облыс әкімі.

    Өңір басшысы экономиканың өсу қарқынын арттыру, инвестициялар тарту және жұмыс орындарын құру, азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

    Бұдан соң баяндама жасаған қаржы басқармасының басшысы Жақсылық Сапаралиев бюджет кірістері 4 пайызға ұлғайып, 334,1 миллиард теңгені құрағанын хабарлады. Өзіндік кірістер 70,7 миллиард теңгені құрап, 22,5 пайызға артқан. 341,1 миллиард теңге игерілсе, бұл жалпы қаражаттың 99,8 пайызын құрайды. Бюджетті игеруде Шу және Жуалы аудандары сылбырлық танытып отыр.

    Бөлінген ақшаны неғұрлым тиімді игеріп, қолда бар резервтерді ұтымды пайдалану керек, — деп талап етті облыс әкімі.
    Күн тәртібінде келесі мәселе бойынша күзгі 2 айлық санитарлық тазалық, көгеріштендіру жұмыстарының өту барысы қаралды.

    Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаевтың айтуынша, 10 қазандағы ақпаратқа сәйкес, облыс бойынша 16098 ағаш көшеті (жоспар 39,3 пайызға орындалды), 4440 шаршы метр гүлзарлар (81,8 пайыз), 1985 шаршы метр көгалдар отырғызылып (73,1 пайыз), 796 шақырым каналдар мен арықтар тазартылды (68,6 пайыз).

    Тараз қаласы мен аудандарда 6 сенбілік өткізіліп, оған 32 139 адам қатысты. Кейбір елді мекендерде сенбіліктер өткенімен, қоқыстар дұрыс тазаланбаған. Мысалы, Санырақ батыр, А.Байтұрсынов, Сәтпаев көшелерінде, Тараз қаласындағы Дальняя Карасу массивінде және аудандардың кейбір ауылдарында қоқыс үйінділері пайда болған, — деді Қ. Қорғанбаев.

    Бүгін ағаштар отырғызылғанымен, оларды бақылаусыз қалады. Жасыл желектер құрғап жатыр. Егер оларды ешкім күтіп-баптамаса, оларды не үшін егеміз?

    Барлық аудандарда қатты тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар тастауға арналған полигондарды күтіп ұстауға қатысты мәселелер бар. Ешкім бұған бас қатырмайды. Қоқыс үйінділері қалыптасқан жерлерде сенбіліктерді жиі өткізу қажет. Әсіресе, Шу, Сарысу, Т.Рысқұлов, Мойынқұм, Жуалы аудандарында мұндай жайсыз көріністер көптеп кездеседі. Ретсіз қоқыс орындарын жою керек, — деп тапсырды Бердібек Сапарбаев.

    қатысты посттар

    Шымкент: Маусымда 14184 адам тексеруден өткізілмек

    Фариза

    Шымкентте жаңа қоныс жәшіктері қойылуда

    Фариза

    Шымкент: Отбасы және гендерлік саясаты мәселесі онлайн — кеңесте талқыланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.