Четверг, 10 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    ДДCҰ: коронавирус пандемиясынан кейін психикалық ауытқулар пандемиясы келеді

    Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен «Психикалық денсаулық саласындағы өзекті мәселелер туралы» баспасөз конференциясында ДДСҰ Елдер кеңсесінің Қазақстандағы және Орталық Азия елдері бойынша психикалық денсаулық жөніндегі ұлттық консультанты Николай Негай сөз сөйледі, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Пандемия жаңа басталған кезде, психоәлеуметтік қиындықтар – локдаундар, жұмыстан айрылу, өмір салтын өзгерту, қашықтан жұмыс істеу сияқты мәселелер бірінші кезекке көтерілді. Сондай-ақ, ұйқының жиі бұзылуы, мазасыздық, психикалық жарақаттан кейінгі стресс синдромы туралы айта бастады. Бұл туралы үнемі айтылып келеді. Қазірдің өзінде ғалымдар ковидтің жүйке жасушаларына әсер ететінін, нейротропқа әсері бар екенін дәлелдеді, — деп атап өтті спикер.

    Иммундық реакцияның жеткіліксіздігі, яғни біздің антиденелерімізге әсері ми-қан жүйелерінің бұзылуына әкеледі.

    Вирустың өзі қан тамырларының ішкі жағына зақым келтіруі мүмкін, бұл тамырдың бұзылуына әкеледі, деп түсіндірді ол.

    Қандағы оттегінің концентрациясы төмендеген кезде де тыныс алу синдромы болуы мүмкін.

    Әсіресе, аурудың ауыр түрі бар адамдарда когнитивті бұзылулар, жарақаттан кейінгі күйзеліс жиі кездеседі.

    Бақытжан Отарбаева

    қатысты посттар

    «Короновирусқа бір клиент табылды» – деп қуанып кеткен болуы керек. Короновирустан қайтқандардың санын жасанды түрде көбейтіп отыр

    Фариза

    Коронавируспен күреске биыл бюджеттен 265 миллиард теңге бөлінбек

    Фариза

    Шымкентте тағы 11 науқас коронавирустан емделіп шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.