Пятница, 6 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Прокурордың балалары қызметтік көлікпен қатынай ма? Қарағандыда суретке байланысты тексеріс басталды

    Қарағандылықтар прокурордың балаларын апта сайын спорт кешеніне апаратын прокуратураның қызметтік көлігінің суретін түсіріп алды. Бұл факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Фото Facebook желісінде жарияланды. Автор қызметтік көлік прокурордың балаларын күн сайын Қарағанды ​​қаласының оңтүстік-шығысындағы Гүлдер шағынауданында орналасқан спорт кешеніне апаратынын, көліктің қызметтен тыс басқа мақсаттарға пайдаланылатынын айтады.

    «Ал жүргізуші балаларды бір жарым сағат күтеді. Осы іс бойынша тиісті шара қолданыңыздар», — деп жазады видео авторы.

    Қарағанды ​​облысы прокуратурасының баспасөз қызметі бұл суретке қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның айтуынша, қазір тексеру жүргізіліп, фото мен видео қандай жағдайда түсірілгені анықталып жатыр.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Шиелі ауданының ахуалын тексерді

    Фариза

    2022 жылы Алматыда қоғамдық көлік ақысы көтерілуі мүмкін

    Фариза

    Қызылорда қаласында 98 жоба жүзеге асырылуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine + four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.