-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Таразда 45 отбасы баспаналы болды

    Таразда 15 шағын ауданда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген 5 қабатты үй пайдалануға берілді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қоныс той иелерін құттықтады.

    Тұрғын үйдің құрылысы өткен жылы басталған болатын. Жоба құны – 442,405 миллион теңге. Бас мердігер – «Бином» ЖШС. Тұрғын үй барлығы екі бөлмелі 45 пәтерден тұрады.

    Бұл күні жаңа пәтердің кілтіне ие болғандардың қатарында жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар, толық емес және аз қамтылған отбасылар, басқа да әлеуметтік осал топтағы азаматтар бар.

    Елімізде қолжетімді баспана мәселесін шешуге айрықша көңіл бөлінген. Бұл ішкі саясатымыздың басым бағыттарының бірі. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында облысымызда мыңдаған отбасы баспанамен қамтылды. Биыл 50 көппәтерлі үйді пайдалануға беру жоспарланса, оның 32-сі берілді. Біздің облыста тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін тиімді шешу мақсатында «Асарлатып үй салу» жобасы белсенді іске асуда. Жыл соңына дейін жамбылдықтардың күшімен 138 үй салынады, оның 15-і Таразда. Алдымызда қоныс тойлар көп. Бүгінгі қуаныш иелерін құттықтаймын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, — деді облыс әкімі.

    Аймақ басшысы өз сөзінде 15-шағын ауданда үлкен мектеп салынатынын айтты.

    Бес баланың анасы Зәуре Жаңалақова 10 жыл бойы баспана кезегінде тұрғанын жеткізді. Балаларым жаңа үйге көшкенше асығуда. Бүгін менің отбасым үшін ең бақытты күн. Ел басшылығына қамқорлықтары үшін алғысымызды білдіреміз, — деді ол.

    Балалар үйінің тәрбиеленушісі Элина Марченко да өз қуанышымен бөлісті.

    Мен бұл пәтерді 10 жыл бойы күттім. Шынымды айтсам, әлі сене алмай тұрмын, — дейді ол.

    Айта кету керек, ағымдағы жылдың 8 айында 372,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға артық. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыс орталығындағы «Туған жерім-дархан далам!» атты аудан күндері басталды. Алғашқы болып қала күні қарсаңында Жамбыл ауданы Таразға тарту жасады.

    «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде ұйымдастырылған шараға облыс әкімі арнайы қатысты. Онда ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі, ұлттық спорттық ойындар, этно-мәдени орталықтарының салт-дәстүрлері, қолөнер шеберлерінің көрмесі, аудан көркемөнерпаздарының концерті ұсынылды.


    Облыс әкімі аудандағы түрлі этно-мәдени бірлестіктерінің ұлттық тағамдар көрмесін аралап, олардың өкілдерімен емен-жарқын әңгімелесті. Рыскүл Нұрмолдаева бастаған әжелер ән шырқаса, ақсақал Орынбай Рысбаев ақ батасын берді.

    Облыс орталығында әр ауданның мәдениет және өнер күндерін өткізудің маңызы золр. Өзара тәжірибе алмасып, байланыс, алыс-беріс нығая түседі. Біз қазір әсіресе жастар тәрбиесіне, қоғамдағы ынтымақ-бірлікке баса назар аудару керекпіз. Қоғамда татулық, тыныштық болса, өркендеп, дами түсеміз. Осы орайда құндылықтарымызды, салт-дәстүріміз жас ұрпақтың бойына сіңіргеніміз жөн. Жастарға ең керегі – білім мен тәрбие, соған айрықша ден қоюға тиіспіз,-деді Бердібек Сапарбаев.

    Шара барысында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, тараздықтарға азық-түлік тауарлары нарықтағыдан 10-15 пайыз төмен бағада ұсынылды. Бұдан соң ашық аспан астындағы саханада Жамбыл ауданының өнерпаздары ән-жырдан шашу шашып, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

    қатысты посттар

    Сыр өңірінде 7 жаңа кәсіптік мамандық ашылған

    Фариза

    Шымкентте санитарлық талапты сақтамаған нысандар қайта жабылады

    Фариза

    Қызылордада автомобиль жолдарын жөндеуге 20 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.