Воскресенье, 7 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Жын кірді» деген сарбазға қатысты ҰҚК түсініктеме берді

    Әлеуметтік желілерде қол-аяғы байлаулы сарбаздың біртүрлі видеосы пайда болғаны белгілі. Осы жайтқа қатысты ҚР ҰҚК түсінік берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Видеода орындыққа байланған жауынгер өзін босатуды талап етіп, айқайлайды.

    Сарбаз 2021 жылдың 25 қыркүйегінде Қызылорда облысы бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен әскери борышын өтеуге шақырылып, 27 қыркүйекте қызмет орнына келді, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

    Оны әскерге шақыру комиссиясы жарамды деп тапты. 29 қыркүйекте ол ұстама белгілерімен Үшарал ауруханасына жатқызылды.

    Құзырлы ведомстваның мәліметінше, ол 30 қыркүйектен бастап Алматыдағы ҰҚК госпиталінде тексеруден өтіп жатыр. Әскери дәрігерлерден тұратын комиссия алда шешім қабылдайды. Оған сәйкес, оның ары қарай әскери борышын өтейтін-өтемейтіні анықталады.

    https://youtube.com/watch?v=juewKWUSnBk

    қатысты посттар

    Желіде әйелін ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады

    Фариза

    Атырауда аяғы ауыр келіншек көпірден секіріп кетті

    Фариза

    Инстаграмда жазба қалдырған менің келінім емес — Блокбекетте қайтыс болған полицейдің әкесі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.