Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жемқорлық

    Гуманитарлық көмекті тонау, дәрі бағасын қолдан көтеру, жалған статистика – антикор денсаулық сақтау саласындағы былық туралы айтты

    Елде каратиндік шектеулер енгізілген кезде ПТР-тест түрінде келген гуманитарлық көмекті қайтыс болған адамдардың атына жазып, қолды қылған деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Превенция департаментінің бас сарапшысы Нұржан Толыбековтың айтуынша, карантин шаралары енгізіліп, елде дәрі-дәрмек тапшылығы туындаған қысылтаяң кезде денсаулық сақтау саласында жемқорлыққа апаратын 138 жағдай анықталған. Олқылықты түзету үшін 200-ден аса ұсыныс беріліпті.

    «Өлген адамның ауруын өзгертіп жазғысы келгендер анықталды. Мұндай факт бақылау органдарымен тексеріс жүргізу кезінде белгілі болды. Бұған қоса, жеке бас мәліметтері толық қорғалмаған. Алайда, өткен жылы бюджеттен 2 млрд теңге осы бағытқа жұмсалды. 2020 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органның денсаулық сақтау бастармасы құрамына кірмейтін нысандар лицензия беріп келген. Ал заңға сәйкес мұндай рұқсат қағазды медициналық және фармацевтикалық комитет беруі тиіс», ˗ дейді Н.Толыбеков.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі денсаулық сақтау саласынан анықтаған кемшіліктердің қатарында мониторинг және камералдық бақылау цифрландырылмағаны, сатып алынған планшеттер мен мобильді принтерлер (құны 600 млн теңге) әкімшілік практиканы автоматтандыру үшін пайдаланылмағаны, бақылау құжаттары қолмен жасалғаны белгілі болды.

    «Аталған деректер бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсалғанын көрсетіп отыр. Емдеу мерзімін жасыру, дәрілердің мерзімі өтті деп базадан шығарып тастау арқылы қолды ету, медициналық қызметтердің бағасын қымбат етіп көрсету, заңсыз сыйақы алу, препараттар мен қондырғыларды сатып алу кезінде жалған баға жазу сынды фактілер анықталып отыр», ˗ дейді Превенция департаментінің бас сарапшысы.

    «Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық» республикалық ҚБ төрағасы Руслан Асылбеков болса, денсаулық сақтау саласындағы барлық олқылық анықталып, тиісті ұсыныстар Денсаулық сақтау министрлігіне жіберілгенін, бірақ министрлік тарапынан нақты жауап болмағанын айтады.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Кентау қаласының әкімі пара алды деген күдікпен қамауға алынды

    Фариза

    «20 млрд теңге жымқырған»: «Оператор РОП»-тың бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

    Фариза

    203 млн теңге: Маңғыстауда күдіктілер қамауға алынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.