-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбыл облысы мүгедектерді оңалту бағдарламасының орындалуы бойынша бірінші орында тұр

    Мүгедектерді оңалту бағдарламасын орындау көрсеткіштері бойынша Жамбыл облысы республикада бірінші орында тұр. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында айтылды.

    Өңірде жалпы мүгедектігі бар 45541 адам тұрады, оның 6645-і кәмелет жасқа толмағандар. Мүгедектерді әлеуметтік қолдау негізінен зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік кепілдіктер мен жеңіл¬діктер ұсыну және әлеуметтік қызмет көрсету секілді үш бағытта жүзеге асады.

    Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков ағымдағы жылы ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оңалтуға республикалық және облыстық бюджеттен 1,2 миллиард теңге бөлінгенін хабарлады. Бұл қаржыға 10081 мүгедектігі бар адам үшін сурдо, тифло, кресло-арбалар, протез-ортопедиялық және компенсаторлық құралдар сатып алу, санаторий-курорттық емдеуді ұйымдастыру жоспарлануда.

    Есепті мерзімге мүмкіндігі шектеулі 9,1 мың адам 17,5 мың техникалық оңалту құралдарымен және сол санаттағы 6,4 мың адам оңалту қызметтерімен қамтылып, оған республикалық және жергілікті бюджеттерден 966,7 млн. теңге қаржы жұмсалған.

    Облыста мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы 78,1 пайызды құрап отыр (жылдық жоспар – 80 пайыз). Бұл бойынша республикалық маңызы бар қалалалар мен өңірлер арасында Жамбыл облысы бірінші орында.

    Мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту және жұмысқа орналастыру мәселелері өте маңызды. Жауапты басқармалар олардың жұмысқа тұруына көмектесуі керек. Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың жұмысқа деген ынталары жоғары. Бірақ біздің қолдауымыз болмаса, оларға өз мақсаттарына жету оңай емес. Біздің міндет – барлық кедергілерді жою. Олар барлық адамдармен тең дәрежеде білім беру мекемелеріне барып, жеке кәсіптерін бастауға тиісті грантқа қол жеткізе алуы керек. Мүмкіндігі шектеулі жандарды мәдени-спорттық шараларға белсенді түрде тарту қажет, — деді Бердібек Сапарбаев.

    Облыс әкімі ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді қалалық инфрақұрылымды қалыптастыру мәселелеріне де назар аударды. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыстық департаментіне тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

    Сондай-ақ, Ж.Баубеков 11 265 отбасындағы 56 724 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанын хабарлады.

    Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтар тұрақты түрде мемлекеттің қолдауын сезінуі керек. Барлық әлеуметтік төлемдерді тұрғындар уақытылы алуы тиіс. «Qamqor» жобасы бойынша өңірде мұқтаж жандарға қолдау көрсететін 12 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Ол дүкендерде негізінен киімдер ұсынылады. Әлеуметтік дүкендердің арқасында мыңға жуық отбасы көмек алған. Жастар саясаты мәселелері басқармасы осы бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастырып, мүмкіндігінше еріктілерді көптеп тартып, қайырымдылық акцияларын үнемі өткізіп тұруы керек. Әлеуметтік павильондардан азық-түлікті төмен бағада сатып алуға болады. Бұл мәселені ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері бақылауда ұстауы тиіс, — деп тапсырды облыс әкімі.

    Бердібек Сапарбаев Мамыр тоғайындағы иппотерапия орталығының құрылысын жеделдетуді жүктеді.

    қатысты посттар

    Таразда Ж. Үшкемпіровке арналған республикалық ашық турнир басталды

    Фариза

    Шымкентте 972 мемлекеттік қызметші қайта дараярлау курсынан өткен

    Фариза

    Бөрібай Құлманов 100 жасқа толды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.