Вторник, 28 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қостанай облысында ер адам ауған азаматтарын Қазақстанға кіргізбек болған

    Қостанай полициясы шетелдік азаматтардың мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту әрекетінің алдын алды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Қостанай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, облыс аумағындағы «Учаске» жедел-алдын алу шарасы мен көші-қон бақылауының күшейтілген шаралары аясында 2021 жылдың 1 қазанында полиция қызметкерлері ҚР Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесуге дайындық жасау фактісінің алдын алды.   

    «Ақшалай сыйақы үшін Ауғанстан Ислам Республикасының 2 азаматын еліміздің шекаралық ауданына жеткізуге көмек көрсеткен қазақстандық азамат анықталды. Шетелдіктердің біреуінде жеке басын куәландыратын құжат болмаған», – делінген ПД хабарламасында.

    Аталған факт бойынша ҚР азаматының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабының 1-бөлімімен (заңсыз көші-қон ұйымдастыру) қылмыстық іс қозғалды.

    Қазіргі уақытта Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтарына қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Коронавирусқа шалдыққан Мұхтар Тайжан ауруды терлеп жеңу керектігін айтты

    Фариза

    Шымкентте зертхана қызметкерлері ереуілге шықты

    Фариза

    «Айтысты ұйымдастырушылар «Ринатты алып келме» деп отыр…» — Жүрсін Ерман

    Пікір қалдыру

    five × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.