-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 76 көпқабатты үй салынуда

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының орындалу барысы қаралды.

    Құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаевтың айтуынша, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жалпы ауданы 313,8 мың шаршы метр 76 көпқабатты үйдің (4 482 пәтер) құрылысы жүруде. Оның 39-ы арендалық, 37-сі ипотекалық негіздегі үйлер.

    Тұрғын үй құрылысына барлығы 21,9 миллиард теңге бағытталған. 1 қазандағы жағдай бойынша баспана кезегінде 33 460 адам тұр. Биыл бюджет есебінен 1402 пәтерлі 30 арендалық үй және 1500 пәтерлі 20 ипотекалық тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл дегеніміз 2902 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі деген сөз.

    Жыл басынан бері облыста 26 көпқабатты тұрғын үй (1481 пәтер) пайдалануға берілді.

    Ағымдағы жылдың 8 айында 372,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға артық, — деп хабарлады Е.Орынбаев.

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерінің кезегінде 127187 жамбылдық тұр. Осы бағытта инфрақұрылыммен қамтылған 3861 жер учаскесін бөлу жоспарлануда.

    «7-20-25» бағдарламасы бойынша екінші деңгейдегі банктермен 1 миллиард теңгеге 121 өтінімді мақұлданған. Сондай-ақ, жыл басынан бері 1564 салымшы тұрғын үй сатып алуға жалпы сомасы 13,3 миллиард теңге несие алған.

    Облыс әкімі әлі күнге конкурсы өтпеген, мердігері анықталмаған жобаларды, бекітілген кестеден кешігіп келе жатқан құрылыстарды сынға алды. Сондай-ақ, 9-12 қабатты зәулім үйлер салу бойынша жұмыстар жүргізу ісі бүгінге дейін қолға алынбай отырғандығына да назар аудартты.

    Жыл аяғы таяп қалды. Бекітілген кестеден кешігіп келе жатқан құрылыстар баршылық. Оған себеп – бақылаудың нашарлығы. Бұл орайда басқарма нақты жұмыстар жүргізу керек. Қағазға жазғанды оқып беруге үйренгенсіздер. Сылтауларыңыз дайын тұрады. Қашанғы құжат әзірлеумен уақыт өткізесіздер? Ал, жұмыстардың нәтижесі қайда?,-деді аймақ басшысы.

    Басқа да баяндамаларды мұқият тыңдаған Бердібек Сапарбаев тұрғындарды баспанамен қамтуда мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін тиімді пайдалану керектігін тілге тиек етіп, «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

    Мемлекеттік кірістер департаменті, құрылыс, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары кемшіліктерді жою үшін бірлесіп жұмыс жасаңыздар. Барлық қаражат уақытылы игерілуі тиіс. Бұл мемлекеттік сатып алуларды өткізуді және тиісті құжаттарды дайындауды жеделдетуге мүмкіндік береді. Бір үлгі-жоба бойынша жұмыс істеген дұрыс. Сонда жобалардың құны әр түрлі болмайды. Осылайша біз уақытты да, ақшаны да үнемдейміз. Техникалық қадағалау мен авторлық қадағалауды жүзеге асыратын компания өкілдерінің жауапкершілігін күшейту маңызды, — деп түйіндеді облыс әкімі.

    қатысты посттар

    Шымкентте сыбайлас жемқорлық фактісі азаймай тұр

    Фариза

    ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 26 АУЫЛ АУЫЗСУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

    Фариза

    Семей әкімі құнды құжатпен танысты

    Пікір қалдыру

    1 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.