-0.8 C
Алматы
Среда, 11 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Атырау облысында жаңа туған сәбиді көшедегі дәретханаға тастап кетті

    Атырау облысында жаңа туған сәбиді дәретханаға тастай салған. Нәресте аман қалды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Масқара жайт 3 қазанда Индер ауданында орын алды. «Мой ГОРОД» хабарлағандай, баланы көшедегі дәретханаға 31 жастағы әйел тастаған.

    Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа туған нәресте Индер аудандық ауруханасының босану бөліміне орналастырылды.

    Бала гипотермиямен ауруханаға түсті, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалды. 31 жастағы көкек ана сол ауданның тұрғыны болып шықты, ол облыстық аурухананың босанудан кейінгі бөліміне жатқызылды, — дейді дәрігерлер.

    Бұл фактіге сәйкес, тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

    қатысты посттар

    Атырауда аяғы ауыр келіншек көпірден секіріп кетті

    Фариза

    Ақтөбе облысында жолаушылар пойызы кранмен соқтығысты

    Фариза

    Алматыда жазасын өтеушілердің камереларына теледидар қойылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.