33.4 C
Алматы
Воскресенье, 27 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Оралда педофил деп айыпталған күдікті тергеушіге пара бермек болған

    Оралда педофилияға күдікті тергеушіге пара бермек болған. Алайда тергеуші пара беру фактісін дереу өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлаған,  деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап. 

    27 қыркүйек күні Орал қалалық соты тергеушіге пара берді деп айыпталған 52 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды. Іс материалдарынан белгілі болғандай, 2021 жылдың 5 шілдесінде Зачаган полиция бөлімінде Орал қаласындағы орта мектептердің бірінде электромонтер болып жұмыс істейтін азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Ол кезде ол кәмелетке толмағандарды азғыру бабы бойынша қылмыс жасады деп күдікке ілінген.

    «8 шілдеде айыпталушы өз ісін жүргізіп жатқан тергеушінің телефон нөмірін біліп алған. Ол тергеу нәтижесін бұрмалау мақсатында тергеушінің телефон нөмірі арқылы банк шотына ақша аударуды жөн көрген. Ер адам тергеушінің өзіне ескертпестен, оған 50 мың теңге аударады. Алайда тергеуші әйел пара алудан бас тартып, бұл жайында дереу өзіндік қауіпсіздік басқармасына жүгінді», – делінген іс құжаттарында.

    Ер адам өз кінәсін мойындап, өз ісіне өкінетінін айтқан. Сот үкімімен ол лауазымды қызметкерге пара берді деп айыпталды. Айыпталушыға 562 мың теңге айыппұл салынды, ол оны бір ай ішінде төлеуі тиіс. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Ал оның кәмелетке толмағандарды азғыру фактісіне  байланысты ПД баспасөз қызметі қылмыстық істің сотқа жөнелтілгенін хабарлады. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.

    қатысты посттар

    Бүлдіршінді жабыла тепкілеген балалардың видеосы жұртты шошытты (видео)

    Фариза

    «Мәйіт табылғанға дейін де септикті 10 рет ашып қараған» Атырау облысында өлі күйінде табылған 1,5 жасар баланың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

    Фариза

    Сайлау күнгі оқиғаға байланысты спортшы Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.