4 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Меркідегі мерейлі жұмыстар

    Облыс әкімі Ақтоған ауылдық округінде 300 тұрғынға берілетін жер теліміне жүргізіліп жатқан инфрақұрылым жұмысымен танысты. Бұл аумаққа былтырдан бері жол мен электр жүйесі үшін “Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 600 миллион теңге жұмсалған. Енді ауыз су тартуға 370 миллион теңге бөлінеді деп күтілуде. Ауылдық округтің әкімі Тұрар Дулатбаев округ бойынша 600 тұрғын жер кезегінде тұрғандығын жеткізді.

    Инфрақұрылым тарту жұмыстарының басталғанына екі жылға жуықтады. Бірақ, қозғалыс баяу. Тұрғындар қызығушылық танытып келіп жатыр ма? Ауыз суға бөлінетін қаражатты қоса есептегенде мұнда 1 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінуде. Оның іздеу- сұрауы болу керек. Тұрғын үйлердің сырт келбетіне де назар аударыңыздар. Себебі, бұл ауыл үлкен автобанның бойында, сырттан қонақтар көп өтетін жерде орналасқан. Бәрін ескеріңіздер, — деді Бердібек Сапарбаев.

    Келесі кезекте облыс басшысы Меркі ауылындағы “Нұрай» жекеменшік оқыту орталығына ат басын бұрды. Мұнда 1-4 сынып бойынша 120 бала білім алуда. Барлығы 8 сынып бар. Оның алтауы қазақ, екеуі орыс тілдерінде білім береді. 11 мұғалімнің жалақысы мемлекеттік мектептегі ұстаздардың жалақысынан біршама жоғары. Орталық директоры Гүлнұр Отарбаева мұнда жас ұрпаққа барлық жағдай жасалғанын айтты. Облыс әкімі оқушыларды әңгімеге тартып, оқуда озат болуларын тіледі.

    Мұндай жекеменшік орталықтар көптеп ашылуы тиіс. Сонда мемлекеттік мектептермен арада бәсекелестік орнайды,- деп өз ойын білдірді.

    Аймақ басшысы балық өсірумен айналысатын “Рузиев» шаруа қожалығының жұмысымен де танысты. Шаруа қожалық төрағасы Азиз Рузиев Германияда жұмыс істеп тәжірибе жинаған. Ол 5 миллион теңге қайтарымсыз несие алып, осы көлге 5 мың форель балығының шабағын жіберген. Жергілікті екі тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.

    Облыс әкімі іссапарын алма өсірумен айналысатын «Береке» шаруа қожалығында түйіндеді. Мұнда 25 гектарға алманың сапалы сорты өсірілуде. Қожалық мүшесі Берік Егембердиев былтыр аталған алма бақтың гектарына 250 тоннадан өнім алса, биыл да сол межеден шығып отыр. Мұндағы алма өнімдері Бахрейнге, алыс-жақын шетелге экспортталуда.


    Одан бөлек бұл шаруашылық 10 сотық жерге еккен құлпынайдан 15 тонна өнім алыпты. Бұл құлпынай алқабы тамшылатып суару тәсілімен ылғалданады. Құлпынайдың әр келісі 2 мың теңгеден өткерілгенін ескерсек, кәсіпкер қанша табыс тапқанын есептеу қиын емес. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапары соңында белсенді шаруашылықты қолдау туралы аудан әкіміне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

    қатысты посттар

    Шымкент: 381 нысанға жаңа атау беріледі

    Фариза

    Қызылорда облысында жүн мен былғары өңдеу өндірісі құрылады

    Фариза

    БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН «ЗАМАНАУИ МЕДИА ЖӘНЕ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ СЕМИНАР ТРЕНИНГ ӨТТІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.