-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Аңқау елге арамза молда»: Дүйсембинов жас министрге шүйлікті

    Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов цифрлық даму министрінен телефон кодын ауыстыруға нақты не себеп болғанын түсіндіріп беруді талап етті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

    Бүгін мәжілістің жалпы отырысында Дүйсембинов БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланыс одағының Қазақстанға жаңа «+997» дэф-кодын белгілеп бергенін еске салды. Енді барлық жерде Қазақстан деген сигнал шығады. Ал цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, КСРО тарағанда «+7» халықаралық телефон коды екі елге бірдей бекітіліп кеткен. Бұдан былай Қазақсанның жеке коды болады. Ұлтжанды азаматтар бұл жаңалықты цифрлық тәуелділіктен арылу және өзіміздің цифрлық төл таңбамызды алу деп қабылдап, қатты қуанды.

    «Бірақ осы саланы жетік білетін кәсіби мамандардың бұл тақырыпқа байланысты пікірін естіп қуанышымыз су сепкендей басылып, орнына көптеген сұрақ туындап отыр. Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, сіз айтқандай «7» саны екі елге бірдей белгіленген код емес, ол тек географиялық аймақтың коды, ал екінші «7» — тек біздің елге бекітілген сан. Яғни, +77 – Қазақстанның жеке коды. Қазақстаннан қоңырау шалған кезде әлемнің әр түкпірінен Қазақстан деген жазу шығу үшін ХЭБ одағына хат жазу жеткілікті», — дейді Дүйсембинов.

    Оған қоса, екі таңбалы DEF-коды тек дамыған әрі беделді мемлекеттерде ғана бар. Мысалы, Қытай (+82), Германия (+49), Франция (+33).

    «Қазір бұл қатарда Қазақстан да бар еді. Еліміз бұл тізімнен өз еркімен шығып, үш таңбалы Гондурас, Сомали, Конго сияқты елдердің тізіміне қосылудың алдында тұрмыз. Неліктен қазақ үшін қасиетті 7 таңбасын Ресейге сыйға тартуымыз керек?», — дейді депутат.

    Сондай-ақ мамандар үш таңбалы DEF-коды еліміздің болашақ абоненттік базасын едәуір қысқартады деп отыр. Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге депутаттық сауал жолдап, дамушы мемлекеттер қолданатын үш таңбалы кодқа көшудің нақты себебін түсіндіріп беруді талап етті.

    «Құрметті Бағдат Батырбекұлы! Қазақта «аңқау елге арамза молда» деген сөз бар. Біз, әрине, ондай ойдан аулақпыз. Алайда көпшілік сізді министр ретінде ғана емес, өз кәсібінің білікті маманы деп таниды. Сондықтан бұл қойылған сұрақтарымызға атүсті емес, толыққанды кәсіби жауап беруіңізді сұраймыз», — деп түйіндеді Дүйсембинов.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Пәтерді жалға алу шарттарын eGov жүйесінде жасау ұсынылды

    Қызылордада дәрі-дәрмектердің бағасы тұрақты бақылауда

    Фариза

    Сотталғандарға Дипломдар тапсырылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.