-9.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Экономика

    Жанар-жағармай бағасы неге қымбат?

    Бір айдан бері автогаз таба алмай жүрген жүргізушілер сарсаңға түскені белгілі. Енді, міне елімізде бір аптадан бері дизель отыны жоқ. Жанар-жағармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек күткен жүк көліктері. Оған енді бензин тап­шылығы қосылды. АИ-95 маркілі жанармай кей бекетте мүлдем жоқ, барында тек талонмен беріліп жатыр. Сондықтан көлік иелері күн­ұзаққа бензин мен дизель отынын іздеп сабылып жүр.

    Тапшылық  бағаны көтерумен аяқталады 

    Қостанай блысының жүргізушілері операторлар «лимит қойған» деп айтып отыр. Бір апта әбден сарсаңға түстік. Күнделікті нәпақамызды тауып отырған көлігіміз – осы.  Дизель отынынсыз қимылдай алмай қаламыз.  Жанармай құю бекеттерінде күнұзаққа кезекке тұрамыз,  олар да талон сұрайды. Талонды таныс арқылы іздеп, 190 теңге болып тұрған майды 250 теңгеге дейін көтерілгеніне қарамастан, табылғанына қуанып алып жүрдік.  Түнімен сұйық отын іздейміз. Бастапқыда шалғай елді мекен­дерде бұрыннан қалып кеткен майды ыдыспен тасып, әкеліп жүрдік. Кейін ол да таусылды. Жыл сайын осындай бір тапшылық болады да, бағаны көтеріп алады. Қазір дизель отыны 235-236 теңге аралығында сатылып жатыр. Жанармай бекеттерінде әлі де жүк көліктері кептеліп тұр. Таусылып қалмай ілінсек болғаны»,  – дейді ол. Сондай-ақ диқандарға да дизель отынының тапшылығы едәуір шығын алып келетіні белгілі. Ерте көктемнен күні-түні тынымсыз еңбекпен еккен егіні пісіп-жетіліп енді ғана сатуға шығарамыз деп отырғанда жүк көліктерінің май таппай кептеліп тұрғаны мынау. Әсіресе, дәл қазір Жетісай, Мақтаарал аудандарындағы диқандар пісіп тұрған қауын-қарбызын шығара алмағанына күйінеді. Одан бөлек, Батыс Еуропа–Батыс Қытай дәлізі арқылы шетелден жүк тасымалдайтын «фура» көліктерінің де жағдайы мүшкіл болып тұр. «Ресейге, Тәжікстанға бет алған көліктер жол бойы дизель отынын таппай, азық-түлік заттар күннің ыстығына шыдамай, шығынға бататын болдық» деп шырыл­дайды жүргізушілер.

    Жекеменшік болған соң білгенін істейді 

    «Стратегиялық маңызы бар тауар болғандықтан, мұны мемлекет өз қолына алып, стратегиялық жоспармен жұмыс істеуі керек. Міне, салдарынан әлеуметтік тауардың бәрі қымбаттап отыр. Мұның қарапайым халыққа зардабы мол. Стратегиялық тауарды неге осылай жеке­нің қолына беріп жүгенсіз жібергеніне таңым бар. Тапшылық, әсіресе қор ұстау­шы­лардың, сондағы менеджерлердің қателігінен болып отыр деп ойлаймын. Ми­нистрлік тарапынан да арнайы меха­низм, жоспар түзілмеген. Тіпті, мұны заң­мен реттеу керек дер едім. Бұрын әр ауданға жеткізу мәселесі де қарастырылатын. Оны қазір алып тастаған соң жанар-жағармайдың қайда кетіп жатқанын ешкім білмейді. Бірақ экспортқа кетіп жатқанын көріп отырмыз. Осылайша, министрліктегі механизм­нің жоқтығына, стратегиялық тауардың жекенің қолына өтіп кетіп, қазір олардың білгенін істеп отырғанына қынжылған жүргізушілер аты бар заты жоқ «биліктің» дәрменсіз екенін жеткізді.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Қазақстанда экономистер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда

    Фариза

    Өңірдегі ет экспорты артып келеді (видео)

    Доллар бағамы 466 теңгеден асты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.