Суббота, 27 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Батыс Қазақстанда жүк пойызы 26 жастағы қызды қағып өлтірді

    БҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 қыркүйекте Бөрлі аймағында жүк пойызы бойжеткенді қағып өлтірді, деп хабарлайды Qazweek.kz со ссылкой Azattyq Rýhy.

    «Сағат 13.52 -де «Қазақстан» станциясында жүк пойызы 1995 жылы туған қызды қағып кетті. Соның салдарынан бойжеткен оқиға орнында көз жұмды», — делінген ТЖД хабарламасында.

    ҚР ІІМі Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі Орал станциясындағы полицияның саптық бөлімінде аталған факт бойынша тергеу ісі басталғанын хабарлады.

    «Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің «Теміржол көлігінің қозғалысы кезінде абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабына сәйкес тергеу жүргізілуде», -делінген хабарламада.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    «Үйдің үстіне құлаған»: Алматыда Bek Air ұшағы апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты

    Фариза

    «Балақай бір күні жылап келіп, өзін үйдің шатырында ересектердің зорлағанын айтты…»

    Сұмдық! Арыста тағы жарылыс болды

    Пікір қалдыру

    4 + thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.