Понедельник, 17 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Елордада жол апатынан 5 адам қайтыс болды

    https://youtu.be/5OLLHz4Itkw

    30 қыркүйекке қараған түні сағат 00:34-те Нұр-Сұлтан қаласында Toyota Camry тізгіндеген 19 жастағы жігіт Сарайшық бойындағы көпірде (Есіл өзені) қатты жылдамдықпен келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетті. Нәтижесінде, ол 28 жастағы жүргізуші басқаратын Nexıa Ravon көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Azattyq ryhy порталына сілтеме жасап.

    Жол апаты салдарынан 5 адам оқиға орнында қайтыс болды: 2 жүргізуші, 3 жолаушы. Toyota Camry көлігінде болған жолаушылардың бірі ауыр халде қалалық ауруханаға жеткізілді.

    Бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) қылмыстық іс қозғалды.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Көк-Төбедегі аттракционның жібі үзіліп, бір бала ұшып кеткен

    Bek Air басшылығы ұшақ соғылған үй иесінің мойнына 12 адамның өлімін артпақшы

    Заңсыз митингке шыққандарға заңды шаралар қолданылмақ

    Пікір қалдыру

    three − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.