-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбыл облысында бір ауылда 10-ға жуық сүт өндейтін кәсіпорын бар

    Жамбыл облысындағы 70 жылдық өндірістік тарихы бар және еліміздегі жетекші кәсіпорындардың бірі ретінде аталған «Бурное сүт компаниясы» ЖШС-ның озық тәжірибелерін сүт өңдейтін өзге де отандық кәсіпорындарға тарату ісі кезек күттірмейтін маңызды мәселе деп санайды ғалымдар.

    «Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бағдарламасы аясында ғалымдар кәсіпорын басшыларына өз кеңестерін берді. Атап айтсақ, институттың шетелдік сарапшысы–техника ғылымдарының докторы, профессор Мукарам Мұсылманова консультациялық кеңестерімен бөлісті. Ол сүт өңдеу саласындағы ТМД-дағы жетекші ғалымдардың бірі, И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің «Тамақ өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасының меңгерушісі.

    Іс-шара «Бурное сүт компаниясы» ЖШС және бірқатар ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өндірістік технологиялық базасында өткізілді. Онда жұмыс процесесі кезінде сүт өнімдерінің сапасын бақылау, тексеру және бағалау жұмыстарын қалай жүргізілуі керектігі туралы айтылды.

    Жалпы аудан орталығы Бауыржан Момышұлы ауылында сүт өнімдерін шығаратын онға жуық кәсіпорын бар. Соның ішінде аудандағы ірімшік жасау және сүтті қайта өңдеудің дамуы осы саладағы жетекші кәсіпорын «Бурное сүт компаниясы» ЖШС-ның өнімімен тікелей байланысты. Әрине 70 жылдық өндірістік тарихы бар және еліміздегі жетекші кәсіпорындардың бірі ретінде аталған сүт зауытының озық тәжірибелерін сүт өңдейтін өзге де отандық кәсіпорындарға тарату ісі кезек күттірмейтін маңызды мәселе. Бұл ауданға Алматы қаласынан арнайы келген ғалымдардың пікірі.

    Атап айтқанда, жоғарыда аталған институттың басқарма төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Асан Оспанов отандық сүт өңдеу кәсіпорындарында сиырдың сүтімен қатар, қой мен ешкінің сүтін өңдеуге де болатынын алға тартады. Ол үшін біздің елімізде сүтті деп танылған қаракөл мен меринос қой тұқымдарының саны жеткілікті екенін айтады. Сонымен қатар, «Бурное сүт компаниясы» ЖШС сияқты іргелі әрі жетекші өндіріс орындарының қалыптасуы мен даму тәжірибесі жаңадан құрылып жатқан кәсіпорындар үшін де маңызды екенін жеткізді. Бұл экологиялық жағынан таза отандық өнімнің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бермек.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: ДЕНДРОСАЯБАҚ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 185 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: Театрдың жаңа маусымы ашылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 + four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.