23 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Экономика

    Қазақстанда ет бағасы қымбаттап барады

    Осы жылдың сегіз айының (қаңтар-тамыз) қорытындысы бойынша ет пен құс етінің бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға өсті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі EnergyProm порталына сілтеме жасап.

    Олардың арасында қой еті айтарлықтай қымбаттады – 14,9%. Одан кейін жылқы еті – жылына 9,4%, сиыр еті – 7,8%. Ал құс еті өзгелерімен салыстырғанда аз, тек 3,2%-ға өсті.

    Осы жылдың тамыз айында сүйегі бар сиыр еті дүкендер мен базарларда орта есеппен 2,2 мың теңгеге сатылды. Сол сияқты сүйегі бар жылқы еті орта есеппен 2,5 мың тг, қой еті – 2,4 мың тг, тауық еті 1,02 мың тг саудаланды.

    Сиыр, қой, ешкі, жылқы және жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе тоңазытылған етін өндіру көлемі осы жылдың қаңтар-тамыз айларында 43 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ға аз.

    Бағаның өсуіне байланысты барлық ет түрін тұтыну көлемі қысқарды. Мәселен, осы жылдың бірінші жартыжылдығы қой етін тұтыну өткен жылмен салыстырғанда жан басына шаққанда 10,6%-ға (2,5 кг-ға дейін), тауық еті – 4,4%-ға (2,2 кг-ға дейін), жылқы еті – 3,6%-ға (3 кг-ға дейін) дейін қысқарды.

    Сауалнамаға сәйкес, биыл қазақстандықтардың 7%-ы екі күн сайын ет немесе тауық етін, балық немесе оған теңестірілген вегетариандық тағаммен тамақтануға мүмкіндігі жоқ.

    қатысты посттар

    Министр баспана қымбаттауына не себеп болғанын айтты

    Фариза

    Жанар-жағармай бағасы неге қымбат?

    Фариза

    Өңірдегі ет экспорты артып келеді (видео)

    Пікір қалдыру

    three × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.