-6.1 C
Алматы
Вторник, 26 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    Цой ревакцинация жайлы: ДДСҰ-дан ақпарат күтіп отырмыз

    Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қайта вакцинациялауға дайындық қалай жүріп жатқанын түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    «Ревакцинация мәселесі қазір әлемдегі барлық елдің алдында тұр. Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ғалымдары, клиницисттері, дәрігерлері және қызметкерлері арасында жұмыс тобы құрылды. Бұл жөнінде жетекші халықаралық агенттіктер мен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымынан ақпарат сұрадық. Барлық тәжірибе ескеріледі», — деді Алексей Цой.

    Министр сөзін жалғай отырып, қазір ревакцинацияға қатысты нақты критерий жоқ екенін мәлім етті.

    «Қазір нақты критерий жоқ. Себебі, COVID-19 ревакцинациясы — жаңа мәселе. Қажетті деректер жиналғаннан кейін халықты иммундау жөніндегі консультативтік комиссия қорытындысы шығарылады. Осыдан соң сарапшылар тобы қорытынды береді, оны міндетті түрде таныстырамыз. Медициналық нысандар, екпе пунктері толықтай дайын. Дәрігерлер тиісті оқудан өтті», — деді Цой Үкіметте өткен брифингте.

    Денсаулық сақтау министрі осы жылдың наурыз айынан бастап 23 қыркүйекке дейін Қазақстанда 17 млн 402 205 ПТР-сынама тапсырылғанын мәлім етті. Әр тәулік сайын 56 мың зерттеу жүргізілген. Ал лабораторияларға түскен жүктеме 40 пайызды құрайды.

    Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрі осыған дейін ревакциянация екпе күнтізбесіне вакцинацияның екінші компонентін алғаннан кейін тоғыз айдан соң енетінін айтқан еді.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Forbes 2018 жылдағы ең бай әншілердің тізімін жариялады

    Денис

    Абай болыңыздар! Шетелден әкелінетін кептірілген құрмалардың қауіпті екені анықталды

    Әлемді дүрліктірген коронавирус қазақстандық туристерді тоқтата ала ма?

    Пікір қалдыру

    one × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.