-9.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Сіз кімсіз, Игорь Дужнов? Бес адамды жайратып салған алматылық туралы жаңа деректер айтылды

    Бес адамды атып өлтірген алматылық күдікті — Игорь Дужнов достарының бірінен 35 мың еуро алып, он жылдан бері қайтармай жүр екен. Тағы бір танысы «қолхатпен берген 200 мың долларды қайтармады, екі жылдан бері хабар-ошарсыз кетті» деп әлеуметтік желіде шу көтерген, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, КазТаг порталына сілтеме жасап.

    Алайда, Игорь Дужнов достарына Донбасстағы соғысқа барып келгенін мақтанышпен айтып жүр екен. Егер күдіктінің бұл сөзі рас болса, онда ол сепаратизм бабы бойынша да жауапқа тартылуы мүмкін. 

    Бес бірдей адамды атып тастаған Игорь Дужновтың отбасымен журналист Елена Винокурова ұзақ жыл бойы араласқан екен. Бірақ арадағы жақсы қарым-қатынасты қыруар ақша бұзыпты. Яғни, Игорь Дужнов әріптесіміздің анасынан он жыл бұрын 35 мың еуро қарыз (қолхатпен) алған. Бірақ Винокурова әлі күнге дейін ол ақшаны өндіріп ала алмай жүргенін жеткізді.

    «Мен Игорьдың отбасын 16 жылдан бері танимын. Менің әкем Анаиданың әкесімен дос болған. 2009 жылы әкем қайтыс болған соң, төрт күннен кейін Игорь анама келіп қолхатпен қарыз алып кетеді. Маған анам қарыз туралы бес жылдан кейін бір-ақ айтады. Сосын мен сотқа беріп жеңіп шығамын. Бірақ ақшаны қайтару мүмкін болмады. Сол кезде біз Игорьдің қарызға белшеден батып, дүние-мүлкінің барлығы кепілде тұрғанын көріп таң қалғанбыз», — деген журналист.

    Журналист Дужновтан қарызын қайтара алмай жүрген бес адамды нақты танитынын айтады. Айналасынан қолхатпен миллиондаған ақша ала беріп тығырыққа тірелген Дужновтың екі жыл із-түссіз жоғалып кеткені де журналистің есінде. Сол уақытта оның әйелі Демирчян полицияға арыз жазып, күйеуінің жоғалғанын қарыз берген адамдардан көріпті. Ал екі жылдан кейін ештеңе болмағандай оралған Дужнов өзін іздеп келген адамдарға Донбасстағы соғысқа қатысып келгенін мақтанышпен айтқан.

    «Игорьдан екі жыл қайда болғанын сұрадым. Сол кезде маған «Донбасста соғыстым» деп жауап берді. Ал оның жұбайы күйеуімді қарыз берген адамдар ұрлап кетті деп арыз жазған еді. Неге адамдар қарызды оңай бере салды деген сұрақ туындайды. Себебі, бұл отбасы мүшелері діндар болған. Шіркеу салуға көмектесіп, қайырымдылықпен айналысқан. Ауқатты әулет болған. Әсіресе Демирчянның сол уақытта кәсібі дүркіреп тұрды», — дейді Елена Винокурова.

    Винокурованың айтуынша, Анаида Демирчян 2000-шы жылдары Ресейден дөңгелек тасып, көтерме саудамен айналысқан белді кәсіпкер болған. Содан кейін бұл бизнесті күйеуіне тапсырып, сұлулық салонын ашыпты. Дегенмен, күйеуінің қарызға белшесінен батқанынан әйелі хабарсыз болды дегенге сену қиын екенін айтады. Елена Винокурова Дужновты бұл қылмысқа әлдекімдер итермеледі дегенге сенбейді.

    «Игорьды кей адамдар жүйеге қарсы шыққан күрескер, оның бұл қылмысқа сот орындаушы, банк пен сот итермеледі деп айтып жатыр. Бірақ мен оны жақсы танитын адам ретінде айтайын — бұл қате пікір. Өйткені Дужнов қарыз алып қайтармай үйренген адам. Осы қарыздары оған тыныштық бермеген. Сосын қылмысқа барды. Кешегі марқұмдардың орнында мен сияқты ақшаны қайтара алмай жүрген кез келген адам болуы мүмкін еді», — дейді журналист.

    Борышкерлердің тізімі жарияланатын арнайы сайтта Дужновтың он шақты компания мен жеке тұлғаларға қарызы бар екені көрсетілген. Сол үшін Қазақстан аумағынан шығуға тыйым салынған.

    Еске салайық, 20 қыркүйек сағат 17:00 шамасында Алматы қаласындағы «Ақбұлақ» шағынауданында қайғылы оқиға болды. 54 жастағы ер адам үйден шығару туралы сот шешімін орындауға келген сот орындаушыларына, полиция қызметкерлеріне және ТЖД қызметкерлеріне аңшы мылтығынан оқ жаудырған. Нәтижесінде екі полиция қызметкері, бір сот орындаушысы және екі бейбіт тұрғын, соның ішінде үйдің жаңа қожайыны қаза тапты. Қайғылы оқиға салдарынан қайтыс болған бесінші адамның жаңа үй қожайынының танысы екені анықталды. Игорь Дужнов қазір қамауда отыр. 

    Алматыдағы атыс бойынша «Кісі өлтіру» және «Билік өкіліне шабуыл жасау» баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Белгілі болғандай, оның атына қару 2008 жылы тіркелген, күдікті психиатриялық диспансерде есепте болмаған.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    «Қызылорда-Түркістан» ақылы тас жолының цемент плитасы көтеріліп кетті

    Фариза

    Қордайдағы қақтығыс кезінде 8 адам қаза тапты

    «Көз жұмды» Елордада атыс ұйымдастырған күдікті іздестірілуде

    Пікір қалдыру

    16 − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.