-2.6 C
Алматы
Пятница, 27 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Оралда 28 жастағы әйел бір айлық сәбиін сатып жіберген

    Оралда 28 жастағы әйел өзінің сәбиін сатып жіберген. Ол ауылдық жерде тұратын ерлі-зайыптылармен өзара уағдаласқан көрінеді, деп хабарлайды, Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.  

    Нәрестенің туғанына бір ай болған. Қылмыс туралы полиция қызметіне әлдекімнен хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшылары жедел әрекет ету нәтижесінде келіншекті ұстады. Қазір мән-жай анықталып жатыр. Полиция департаменті тергеу мүддесіне сәйкес өзге мәліметтерді беруден бас тартты.

    «Қазіргі таңда ҚР ҚК 135-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кінәлі тұлға 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — деді жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Диляра Сатарова.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Жантүршігерлік жол апаты 11 адамның өмірін жалмады

    «Мәйіті табылды» Анасының көз алдында ұрлап әкеткен бала өлі табылды

    Фариза

    Экс-президентті ұстау кезіндегі жантүршігерлік кадрлар (фото, видео 18+)

    Пікір қалдыру

    13 + twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.