-14.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    «Нигерия» штамының клиникалық белгілері айтылды

    Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында КВИ жұқтырған науқастардан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирус инфекциясына генетикалық зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Azattyq ryhy порталына сілтеме жасап.

    Секвенирлеу қорытындылары бойынша Қазақстанда 96 үлгіде штамм айналымы белгіленген (Delta «Үнді штаммы» — 57 (59,4%), Alpha «Британдық» — 24 (25%), «Ухань» коронавирусы — 10 (10,4%) және eta «Нигерия» — 5 (5,2%)). Eta «Нигерия» штамының айналымы 4 өңірде айқындалды (Қарағанды — 1, Маңғыстау — 2, Павлодар — 1, Нұр-Сұлтан — 1).  Бұл туралы Денсаулық сақтау министр Алексей Цой мәлімдеді.

    «Eta» штамының пайда болуы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды, аурудың алғашқы жағдайлары Нигерия мен Ұлыбританияда анықталды.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі деректері бойынша Eta штамы әлемнің 77 елінде бөлінген, ДДҰ санаты бойынша «бақылауды» талап ететін штамдардың қатарына жатады.

    Клиникалық белгілері — Alpha (Британдық) және Beta (Оңтүстік Африка) штамдары (жоғары қызба, жөтел, иіс пен дәм жоғалту, ауыр ауру және т.б.) сияқты.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    «Ашуланшақтар инсультке жиі шалдығады»: Ғалымдар маңызды мәлімдеме жасады

    Фариза

    «Қаладан шыққан адамдар жауапкершілікке тартылады» — Уханьдағы қазақстандық студенттер

    Алматыда вакцина салдырғандар арасында БАӘ-ге жолдама ойнатылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.