-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық Жаңалықтар

    Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

    ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Azattyq ryhy порталына сілтеме жасап.

    Қаулы мәтініне сәйкес, COVID-19-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда COVID-19-бен ауыратын науқастардан материал алу және тасымалдау кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтауды, осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес COVID-19 ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілетін болады.

    Жаңа қаулысы бойынша медициналық мекемелерде дыбыстық, бейне жазба жүргізугіе қойылған шектеу алынды.

    «Бас санитар дәрігердің № 38 қаулысындағы 3-тармақты 2) тармақшасы алып тасталсын», — деп жазылған жаңа қаулыда.

    Аталмыш №38 қаулыда медициналық мекемелерде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге шектеу салынаты айтылған болатын.

    «Денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге шектеу салынсын», — деп жазылған қаулы мәтінінде.

    Сонымен қатар, коронавирус науқастарымен байланыста болған адамдарды оқшаулау тәртібі өзгерді.

    Фото; ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Белгілі қызылордалық кәсіпкер Сырдария ауданына өкпені жасанды желдету аппаратын алып берді

    Фариза

    Қызылордада жыл басынан бері 300-ден аса азамат құқықтық кеңес алды

    Фариза

    Ералы Тоғжанов Қызылордадағы жедел-жәрдем жұмысымен танысты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    8 − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.