-4.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Облыс әкімі құрылыс-жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бірқатар нысандардың жұмысымен танысты.

    Өңір басшысы Байзақ ауданындағы жарылыстан кейін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқан Қайнар ауылына барды. Жөндеу-құрылыс шараларымен алты компания айналысуда десек, олар 19 үйді олар толықтай жөндеуден өткізуде. Мердігерлер жақын арада тұрғындар өз үйлеріне оралатындығына сендірді. Ал, «Әскери қалашық» деп аталатын аумақтағы көпқабатты тұрғын үйлер толықтай күрделі жөндеуден өткен. Әскерилердің мұнда қайта қоныстануы үшін нысан толығымен дайын.

    Үйлердің жөндеу жұмыстарына сапасына айрықша назар аударған облыс әкімі әр үйдің иелерімен жеке-жеке кездесіп, істеліп жатқан шаруаға олардың берер бағасын да сұрады.

    Үй жақсы, жұмыстар көңілдегідей жүріп жатыр. Қосымша өзім де жұмыс істеп жатырмын, менің атсалысуым өз үйімнің көңілдегідей салынуына көмектеседі. Ахуалды бақылап жүрген басшылыққа, жұмысшыларға рақмет,-деп ризашылығын білдірді ауыл тұрғыны Аманкелді Надырбеков. Ары қарай аймақ басшысы «ТауДос» кафесінің құрылысымен де танысты. Онда да қызу жұмыстар жүруде.

    Ешкімде мұндай болатынын ойлаған жоқ, үш қабатты құрылыстың негізінен үшінші қабатына зақым келген сонымен қатар сырты, шатыры да зардап шеккен. Құрлысшылар жатпай-тұрмай қалпына келтіру жолында еңбек етуде. Материалдардың сапасы, жұмыстың қарқыны да көңілден шығады,-дейді кәсіпкер.

    Құрылысшылар облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес барлық жұмыстарды екі айда аяқтауға күш салуда.
    Сондай-ақ, аймақ басшысы Тараз қаласындағы Жауғаш батыр көшесінің бойында орналасқан №22 орта мектебінің құрылыс барысына қанықты. Былтыр басталған жұмыстар биыл қыркүйек айының аяғына дейін аяқталуы тиіс. Мердігер — «Тараз Құрылыс Инвест» ЖШС.


    Қызу жүріп жатқан құрылыс жұмысымен танысқан облыс әкімі «Балалардың болашағы үшін бар мүмкіндікті қарастыру керек»,- деп облыс әкімі мектептің әр есігіне дейін бас сұғып, парта орындықтарына дейін қарап шықты.

    Бұдан соң №31 орта мектебінің күрделі құрылыс жұмысының барысымен танысты. Жобалық сыйымдылығы 1241 орынды құрайтын оқу ордасында жұмыстар қызу атқарылуда. Бердібек Сапарбаев мектептің ішкі-сыртқы безендіру жұмыстарының сапасы мен мазмұндылығына айрықша көңіл бөлу керектігін баса айтты. Мектептің ауласын да жан-жақты абаттандыру жұмыстарын жүргізуді, тағлымды-тәрбиелік аталы сөздербен көмкеріп, нысанның тартымдылығын арттыра түсуді тапсырды. Сондай-ақ, жөндеу жұмыстарын күн суытпай аяқтауды жүктеді.

    қатысты посттар

    Жамбылдықтар жеңіл өнеркәсіп жолында

    Тұрақты кәсіп — ел берекесі

    Жыл басынан бері 48 бала баспанамен қамтылған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.