9 C
Алматы
Воскресенье, 17 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Әлеумет

    «Менің университетім». Тұрсынбек Қабатовтың қызы Дубайда жүрген видеосын жариялады

    ҰБТ дауынан кейін әзілкеш Тұрсынбек Қабатов қызын шетелге оқуға түсірген сыңайлы. Әдемі Тұрсынбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында «менің университетім» деген жазба қалдырып, Дубайда жүрген видеосын жүктеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, КазТаг порталына cілтеме жасап.

    Еске салайық, 15 тамызда Абзал Құспан есімді заңгер танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Аманғалидың орнына ҰБТ-да тест тапсыруға басқа адам кіргенін жазды. Оның айтуынша, 13 маусым күні Әдемі Тұрсынбекқызы Аманғалидың орнына тестілеуге ЕНУ-дың 2 курс студенті, грантта оқып жүрген Сымбат Қанай тест тапсыруға кірген. Тұрсынбектің қызы жалған құжат жасатқан.

    Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті тергеу кезінде жалған жеке куәлік жасаған 22 жастағы күдікті ұсталғанын және бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

    Кейінірек, Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы — MM мектебінің директоры Мөлдір Мұқанова қызы Әдемі Аманғалиге тіл тигізгендердің бәрі заң алдында жауап беретінін айтты.

    Фото: из открытых источников

    қатысты посттар

    Алматы облысында 5-сынып оқушысы асылып қалды

    Қызылорда облысында әлеуметтік-экономикалық көрсеткішті жақсарту мақсатында 16 жоба іске асырылады

    Фариза

    Өскеменде психодиспансерде есепте тұрған адам дүкенде бейтаныс баланы буындырған

    Пікір қалдыру

    five + fourteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.