-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    «Экономистер де адам өлтірушілер». Дәрігер Олжас Құдайбергеновтің жазбасына жауап берді

    Өткен апта белгілі экономист Олжас Құдайбергенов әлеуметтік желідегі парақшасында отандық медицина қызметкерлерін қатаң сынға алып, «адам өлтіруші» біліксіз дәрігерлердің портретін жасады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq ryhy порталына сілтеме жасап.

    БІЛІКСІЗ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ СЕГІЗ ТҮРЛІ СИПАТЫ

    Бірінші сипаты — ауруды анықтаған алғашқы күннен декстаметазон тағайындайды (иммунодепрессант).

    Екінші — ремдесивир салады (іс жүзінде улы), оның тиімділігі күмәнді және науқастың жағдайын нашарлатады.

    Үшіншіден — жауапкершіліrтен қашып, науқастың симптомдарына қарамастан, протокол бойынша емдейді. «Бұл дәрілерді қабылдау қажеттігін қандай анализ көрсеткіштері дәлелдеді?» деген сұрақ қойсаң, екілікпен оқитын мектеп оқушылары сияқты кінәлі түрмен қарап тұрады.

    Төртіншіден, науқасқа «бәрі жақсы болады» дегеннен басқа ештеңе айтпайды. Ол дәрігерлер науқасты палатада 5 минут қана қарайды. Өзара сыбырлап бір нәрсе талқылайды да, науқасты түсініксіз күйде қалдырып кетеді.

    Бесіншіден, науқасқа дөрекілік танытады, тіпті, министрліктен болсаң да. Министрліктен болмасаңыз, дөрекіліктің демостративті түрін көресіз (палатада тұрып, науқасты естімегендей кейіп танытады).

    Алтыншыдан, науқастың телефонын тартып алады (әдетте мұны реанимация бөлімінің меңгерушісі жасайды).

    Жетіншіден, медбикелердің өзі науқасқа ұзақ уақыт көңіл бөлмейді (4 сағатқа дейін).

    Сегізіншіден, науқас көз жұмған жағдайда, туыстарына «қолдан келгеннің бәрін жасағанын» айтып, өтірік алдайды.

    ДӘРІГЕР ЭКОНОМИСТІҢ ЖАЗБАСЫНА ЖАУАП БЕРДІ

    Олжас Құдайбергеновтің жазбасына қатысты реаниматолог-дәрігер Ғабит Нұрханұлы пікірін білдіріп, кей әріптестерінің экономисті сотқа беруді ұсынғанын атап өтті. Сондай-ақ, маман «Біліксіз дәрігерлердің сегіз түрлі сипаты» жайлы жазбаға медицина маманы ретінде жауап берді.

    «Дексамезатонды алғашқы күннен асқыну болмаса да тағайындайды» депсіз. Осы пунктпен келісем. Дексамезатонды оңды-солды тағайындайтындарды шыныңда да адам өлтірушілер деп атауға болады.

    Олжас дәрігер емес, жағдайының нашарлап кеткенін дексамезатоннан екенін білуі мүмкін емес. Оған жағдайының нашарлап, емнің дұрыс болмауын көп мөлшерде салынған гармондардан екенін ресейлік дәрігерлер айтқан болуы керек. Полифрагматизм (дәрілерді шектен тыс тағайындау) бізде бар. Егер антибиотиктер мен антикоагулянттарды оңды-солды тағайындау адам өліміне жылдам алып келмейтін болған соң, көз жұма қарауға болатын болса, гормондарды олай қолдануға болмайды. Бұл проблеманы мен көктемде көтергем, Бас дәрігердің орынбасарына «бізде гормондарды оңды-солды тағайындаудың арқасында адам өлімі көп» деп айтқанмын. Себебі протоколда: «Дексамезатон тәулігіне 4-6 мг 8-10 күн» нақты, анық жазылған. Мен Швейцария, Германия, Түркия, Ресей протоколдарын салыстырып қарадым. Әлемнің барлық елінде мөлшері бірдей екен. Бізде тәулігіне екі реттен 8 мг. Күніне 32 мг екі рет тағайындайтындар бар. Өкінішке қарай, мен «біз бұл протоколдарды жасаушылармыз, гармондардан ешқандай зиян жоқ» деген жауап алдым. Гармондарды мықты имуносупрессорлар (иммунитет түсіреді) шектен тыс көп қолданса адам иммунитетті нөлдік деңгейге жетіп, ешнәрсемен күресе алмай қалып, қанда лейкоциттер 20 -30 грамнан асады. Содан соң науқастың дәрігері «лейкоцитоз басталды» деп антибиотиктерді көбейтеді. Өзі әлсіз имунитетке соққы болып, оның үстіне күшті антибиотиктер бүйректің тез істен шығуына алып келеді, арты гемодиализ, гемодиофильтрациамен бітеді. Гармондар тек имунносупрессорлық асқынудан қатар, контроинсулярлы гармон, инсулин бөлінуін шектеп көптеген адамдарда қант деңгейін 20 40 ммольға дейін көтеріп, диабеті жоқ адамдарда диабет пайда болады. Қан қысымы көтеріледі, соңы инфаркт, инсульт сияқты асқынуларға алып келуі мүмкін», — деп жазды ол бірінші пунктке.

    «МЕДИЦИНАҒА АҚША ҮНЕМДЕГЕН ЭКОНОМИСТЕР ДЕ — АДАМ ӨЛТІРУШІЛЕР»

    Ғабит Нұрханұлы ремдесивир салу жайында да түсіндіріп өтті.

    «Өзім ремдесевир қолданбаймын, ешкімге қолдан деп те айтпаймын. Бірақ қолданамыз дегендерге қарсы болмаймын. Алғаш гепатит С-ға ойлап тауып, кейін пайда болмаған соң Эбола вирусына қарсы қолданған. Ол жерде тиімділік болмаған соң, корановирусқа қарсы қолдана бастаған АҚШ препараты. 2020 жылы короновирусқа қарсы барлық сынақтан өтпеді. Дональд Трамп «мен ремдесевирден жақсы болдым» деген соң жарнама болып кетті. Біздің протоколда бар дәрі, бірақ міндетті емес. Өте күмәнді препарат.

    Үшіншіден, «протоколмен емдейді, симптоммен емес» депті. Біздің проблемамыз қайта протоколмен емдемейтіндік те болып тұр. Негізгі протокол жақсы жазылған, қай кезде антибиотиктер беру керек, қай кезде оттегіге қосу керек — бәрі жазылған. Егер протокол бойынша болса, кез келген сұраққа дәлелмен жауап беруге болады.

    Төртіншіден, біздің өмір сүріп жатқан қоғам сондай. Шындықты айта алмай тек екеуара сыбырласып, сыртқа «бәрі жақсы болады» деп алдаусыратып өмір сүру. Осы тұста Қайрат досымның «Егер дәрігерлер адам өлтіруші болса, 30 жыл бойы медицинадан қаржы үнемдеп, осы халге жеткізген экономистер де адам өлтірушілер» дегенімен келісем», — деп жазды.  

    «РЕАНИМАЦИЯҒА ТЕЛЕФОН ШЫНДЫҚ СЫРТҚА ШЫҚПАС ҮШІН КІРГІЗІЛМЕЙДІ»

    Дәрігер реанимацияға не үшін телефонмен кіргізбейтінін түсіндірді.  

    «Реанимацияға телефонды не үшін кіргізбейді білесіз бе? Сіз сияқтылар шындықты сыртқа шығармау үшін. Мүмкін сізде бәрі жеткілікті шығар, бірақ ауруханаларда көп нәрсе жетіспейді. Бізде ешкім проблемамен күреспейді, тек проблема шығарушымен күреседі.

    Жетінші мәселеңіз бойынша, әр үш науқасқа бір медбике және бір санитар бекітілген. Жағдайы ауыр науқастарға бір медбике мен бір санитар орны тиесілі. Бірақ короновирусқа қатысты төлемдер басталғалы орын саны екі есеге қысқарып қалды. Науқастар сіз сияқты қараусыз қалып кетті. Егер сізге 4 сағаттап қарамаса, демек, медбике мен санитар жағдайы сіздікінен де ауыр науқастың тамағын беріп қарап жатқан болуы мүмкін.

    Туысқандарына өтірік айту жайлы. Жалпы, шенеуніктер мен халықтың айырмашылығы — халық бәріне сенгіш. «2030 жағдайларың жақсы болады» десе, 2030 жылды күтіп жүре береді. 2030 жылы жағдайы жақсармаса, «2050 жылы сөзсіз жағдайларың жақсы болады» дегенге де сенеді.

    Ал шенеуніктер қу болады, керісінше еш нәрсеге сенбейді. Олар біздің мектептерге сенбей, балаларын шетелде немесе шетелден мұғалім жалдап оқытады. Ауырып қалса шетелге барып, не болмаса, Олжас мырза сияқты шетелден дәрігерлер алдырып емделеді. Олжас, сіздерге арнап Президент іс басқармасы инфекциялық аурухана салып жатыр. Ол жерде жақсы дәрігер де, жақсы күтім де болады. Оған дейін қарапайым халықтың сауатын ашуға көмектескеніңізге рахмет. Медицина саласында бұдан басқа кемшіліктер толып жатыр және ол жуық арада шешілмейтін шығар», — деп жазды Ғабит Нұрханұлы.

    Айта кетейік, экономистің жазбасынан кейін, медицина қызметкерлері «мен дәрігермін, мен адам өлтіруші емеспін» деген челлендж бастады.

    Фото: из открытых источников

    қатысты посттар

    Ақтөбеде 13 жастағы бала өз-өзіне қол жұмсады

    Фариза

    «200-ге жуық адамды басқа облыстарға апарып тастадық…» — Министрлік

    БҚО-да жоғалып кеткен ағайынды балалардың екеуі де өлі табылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 + eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.