-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Сотталған әр азаматқа мемлекеттен айына 93мың теңге бөлінеді. Қылмыскердің өмірі қарапайым 42мың алатын халықтың өмірінен артық болғаны ма?

    Qazweek.kz ақпарат агентігі түрмедегі тіршілікке қысқаша шолу жасап, ой қорытты. Иә, жұрт арасында «түрме» деген суық сөзді естігенде дене тітіркеніп, құйқа шымырлап қоя беретіні бар. Оның осылай болуы да заңдылық секілді. Бүгінгі бейбіт өмірде аяғын шалт басып, абақтыға тоғытылғандардың өмірінен бейхабармыз.  Дегенмен, түрме қызметкерлері тарапынан әртүрлі қиянаттар жасалынады екен, ұрып-соғып, кейде қылмыскерлермен бірге сыбайластыққа дейін барады деген сөздерді жиі естиміз. Алайда, соңғы кездері еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесінде біршама өзгерістер орын ала бастағанын айту керек.

    Өзгерістердің бірі — елімізде сотталған жандар электронды дүкендер арқылы мейрамхана тамақтарына тапсырыс бере алады.

    «2019 жылы біз ҚАЖ мекемелерінде электрондық дүкендерді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қостық. Жоба үш өңірде жүзеге асырылуда. Болашақта біз бұл тәжірибені еліміздің барлық колониялары бойынша енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл біздің жүйемізді реформалаудың аса маңызды бағыты және сотталғандардың әлеуметтік бейімделуі үшін аса маңызды мәнге ие. Олар колонияда тұрып, өздерін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезіне алады»

    Мемлекеттік қызметкер

    Алдағы уақытта электронды дүкендерде тауарлардың 400-ден астам атауы ұсынылатын болады. Олардың қатарында азық-түлік, сусындар, тұрмыстық химия, кеңсе тауарлары, киім-кешек бар.

    Түрмедегілерді бағып-қағу үшін жыл сайын қанша ақша жұмсалады?

    Өткен жылы жылы түрмедегі бір адамды асырау үшін бюджеттен жылына 877 мың теңге жұмсалған. 

    Бүгінде түрмедегілердің жазасын өтеу жағдайын өркениетті елдердегідей жақсарта түсуі мықтап қолға алынған. Десе де, сотталушылар аз ғана жұмыс істейтін көренеді. Яғни, көбіне адамды асырау Үкімет есебінен жүзеге асырылуда.

    Қазақстанда әр сотталғанға жылына 1,1 миллион теңге бөлінеді

    Сотталып, жазасын өтеп жатқан әр азаматқа жылына 1 миллион 121 мың теңге бөлінеді. Оны 12 айға шаққанда 93 416,6 теңгеден келеді. Яғни, мемлекет қылмыс жасаған азаматты қамту үшін осынша ақша шығындайды. Сондықтан болар, колонияда отырғандардың 64 пайызы екі реттен көп сотталған. «Не деген батпан құйрық» деп қайта келгісі келетін шығар. Кім білсін?!

    Қарапайым адамдарға сотталғандардың өмірі «керемет» болып көрінеді. Себебі киімі дайын, тамағы пісіп тұр. Басқа не керек? Дегенмен Қылмыстық-атқару жүйесі оларды жазасын өтегеннен бөлек, еңбек етуге, білім алуға, кәсіп меңгеріп, бостандыққа шыққан соң қалыпты өмірге бейімделуі үшін атсалысып жатыр.

    Елде екі мыңнан аса әйел шалыс басқаны үшін, шарасыздықтан шатасқаны үшін айыбын өтеп, абақтыда отыр. Бір отбасының анасы, бір әулеттің данасы болып жүрген нәзік жандылар өмірдің ақ-қара сызығының күрмеуіне түсіп, енді шырмауынан шығудың бар амалын қарастыруда. 

    «Сотталушылардың көбі жұмысқа өз еркімен келмейді»

    Түрме ішіндегі табыс

     Негізі жұмысына төленетін ақысы жұмыскердің жеке есепшотына аударылады. Оның бірі – жалақысын жинаса, біреуі – үйіне жібереді, екіншісі дүкеннен қажетін алады. Сонымен бірге еңбек кітапшасы жүргізіледі.

    Аяғын шалыс басқан жанды бұл өмірде жазасыз қалдырмау үрдісі бұрыннан бар. Дана халық «адамды түзетуге болмайды дегеннің тілін кесер едім» деп айтқандай, қатесін мойындап, айыбын өтемейтін адам жоқ. Бұлар да сол жазасын өтеп жүр. Тағдыры тәлкекке ұшырап, темір торға қамалған жандарды қоғамнан шеттете аламыз ба? Сотталған және тергеуге байланысты қамалған адамды бір күн асырау үшін соңғы мәліметтер бойынша 2,4 мың теңге, жылына 876,9 мың теңге жұмсалады. Ал, мемлекетте ең төменгі күнкөріс деңгейі 60 000 мың теңге. Сонда, бір ай бойы таңнан кешке дейін терін төгіп қызмет жасаған азаматтың алған жалақысын, мемлекет сотталғанды бір ай аысрау үшін жұмсайды екен. Түсініксіз жағдай біздің мемлекетте ғана бар шығар. Бұл, әрине әділетсіздік!

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Таразда пойыздың үстінде сэлфи жасамақ болған жасөспірім ажал құшты

    Фариза

    Ешқандай симптом болмаса да, Германиядан келген 2 қазақстандыққа неліктен тест жасалды? Іс пен сөз сәйкеспей қалды

    Фариза

    «Ақсақалды көтеріп бара жатса, арандап қалмасын дегені…»

    Пікір қалдыру

    2 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.