-5.1 C
Алматы
Пятница, 15 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Экономика

    Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетілмек

    Қазақстан Президентінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі Талғат Қалиев бейнебайланыс арқылы Ауғанстандағы гуманитарлық ахуалға арналған халықаралық конференцияға қатысты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі,  Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш ашқан іс-шара шеңберінде Ауғанстанға көмек көрсетудің донор мемлекеттер мен халықаралық құрылымдар аталған мақсатқа бөлетін қаржы ресурстары туралы мәлімдеді.

    Өз сөзінде Т. Қалиев Қазақстан Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыру бойынша халықаралық күш-жігерді қолдайуын растап, еліміздің БҰҰ қамқорлығымен халықаралық гуманитарлық көмекті қауіпсіз және бірлескен түрде Ауғанстанға жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Алматыда халықаралық гуманитарлық логистикалық хабты құру туралы бастамасын ерекше атап өтті.

    Айта кетсек, 2021 жылдың 9 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ауғанстанмен конструктивті іскерлік байланыстар орнатуға дайын екенін мәлімдеген болатын.

    «Қазақстан Ауғанстанның өз ішінде және көршілерімен тату-тәтті, бейбітшілікте өмір сүретін тұрақты, егемен және біртұтас мемлекет болғанын қалайды. Біз елде қалыптасқан гуманитарлық қиыншылықтарды шешу үшін конструктивті іскерлік байланыстар орнатуға дайынбыз. Халықаралық қоғамдастық Ауғанстанды қазіргідей дағдарыс кезінде қиыншылықтармен бетпе бет қалдырмауы керек. Керісінше, біз болашақта Ауғанстанның экономикалық және орнықты дамуы үшін барлық іс-әрекеттеріміз бен жоспарларымызды жұмылдыруымыз керек», — деді Қ. Тоқаев.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Астананы Нұрсұлтан деп өзгертуге қанша ақша жұмсалады?

    Қарағандыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ ірі мөлшерде есірткі сатқаны үшін сотталды

    Денис

    Халыққа көмір неге жетпей жатыр?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.