9 C
Алматы
Воскресенье, 17 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Заң

    Мәжілісте бала құқығын қорғау туралы заң жобасы қаралады

    Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин төрағалығымен палата бюросының отырысы өтті. Депутаттар жалпы отырыстың күн тәртібін бекітті, деп хаюбарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, КазТаг порталына сілтеме жасап.

    Бюро отырысында бала құқығын қорғау мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылды. Осы құжат депутаттар бастамасымен әзірленіп отыр.

    «Заң жобасы балалар мүддесі үшін заңнаманы жетілдіруді көздейді. Сондай-ақ, БҰҰ Бала құқығы жөніндегі комитет ұсынымын іске асыру мақсатында әзірленді. «Балаға мейірімді Қазақстан» атты екі халықаралық конференция қорытындысы бойынша дайындалған ұсынымдар ескерілді», — делінген ресми хабарламада.

    Осы құжат аясында қылмыстық, әкімшілік құқықбұзушылық туралы және еңбек кодексіне, сондай-ақ, тағы бірқатар заң жобасына түзетулер енгізу ұсынылады.

    Бұдан бөлек, алдағы жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттікті қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарау ұсынылды.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Қазақстанда өлім жазасы қылмыстың қай түрлеріне қолданылуы мүмкін

    Фариза

    «Журналистер жеңілдікпен берілетін баспанаға ие болуы керек»: Балаева журналист мәртебесі жайлы

    Фариза

    Елбасын қорлағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы бап Қылмыстық кодекстен алынып тасталады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.