Пятница, 20 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Жыныстық қатынасқа түспек болған» Аягөздегі балаларға арналған арнайы орталықта тағы дау шықты

    Аягөз балалар арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тағы дау шықты. 9 қыркүйекте орталықтағы бейнебақылау камераларын қарау кезінде ұлдар жатын бөлмесінде мекеме тәрбиеленушілерінің жыныстық қатынасқа түспек болу әрекеті анықталды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Жыныстық қатынас әрекетін мекеме қызметкері байқап, уақытында қажетті шаралар қабылдаған.

    «Иә, бұл деректі растаймыз. Орталық қызметкерінің қырағылығы арқасында оқиғаның алды алынды. Қазіргі уақытта балаларға медициналық тексеру жүргізіліп жатыр, олармен психолог маман жұмыс істейді», — деді ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев.

    Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Жасұлан Сәрсебаев бірден оқиға орнына барғаны белгілі болды. Сонымен қатар, тиісті өтініш пен материалдар іс жүргізу шараларын қабылдау үшін құқық қорғау органдары мен прокуратураға жолданған. Өңір әкімінің тапсырмасы бойынша ведомствоаралық комиссия құрылған.

    «Аягөз балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директоры Шолпан Мақашеваның айтуынша, ұлдардың жағдайы қанағаттанарлық.

    Айта кетейік, бұл ауыр психоневрологиялық патологиясы бар балалар ұсталатын Аягөз арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына (АӘҚКО) байланысты бірінші жағдай емес.

    2020 жылдың көктемінде мұнда төрт оқушы қайтыс болғаны мәлім болған еді. Кейінірек олар ауыр жарақат алғаны анықталған. Оның ішінде ми контузиясы, қан кету, жабық ми жарақаты, бас сүйегі мен негізінің сынуы және басқалары.

    Сол жылдың шілдесінде тексеру және анықталған заңбұзушылықтар нәтижесінде тәртіптік жазалар шығарылғаннан кейін орталық басшысы қызметінен алынды. Биыл мамырда бейнебақылау камераларының арқасында тәрбиешінің тәрбиеленушіге дене жарақатын салғаны анықталған.

    Ресми ақпарат бойынша, соңғы жылдары орталық бюджеті бір жарым есеге өсіп, қазір 423 миллион теңге болған. Сонымен қатар, орталық жанынан Қоғамдық кеңес құрылды.

    Аягөз қаласындағы орталықта бүгінде 96 бала — 60 ұл және 36 қыз бала бар.

    қатысты посттар

    Студенттер «қаңғырып» жүр: «Студенттік баспана» бағдарламасына бөлінген қаражат қалай игерілді?

    Фариза

    Пикеті үшін қамалған Орал тұрғыны аштық жариялады

    Фариза

    Үш баланың анасын зорлап, өлімге душар еткен имам қандай жазаға тартылады?

    Пікір қалдыру

    20 + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.