4.1 C
Алматы
Пятница, 6 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қарағандыда хайуанттар бағындағы қан-жоса тірі бұғы жұртты шошытты

    Видеодан қарағандылық хайуанаттар бағында бұғының мүйізі кесіліп, қан тамырларына зақым келгені көрінеді: жануардың денесі, қоршаудың іші де, өзі де қып-қызыл қанға боялған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Бұл бұғылардың мүйізі кесілетін маусым секілді. Бірақ жануарлардың тамырларына неліктен зақым келгені, түсініксіз. Бұғылардың қазіргі жағдайы алаңдаушылық туғызады. Жануарлар күйзеліке ұшыраған секілді ме, қалай, делінген жазбада.

    Бүгінгі брифингте хайуанаттар бағының қызметкерлері бұғы мүйізін кесу процедурасын 9 қыркүйекте жүргізгендерін хабарлады. Бұл ақпарат хайуанаттар бағының instafram парақшасында жарияланды.

    Күздегі күйлеу кезеңінде, еркек бұғылар құтырып, ұрғашысы үшін агрессивті күрес басталады. Осы уақытта олар бір-біріне, сондай-ақ хайуанаттар бағының қызметкерлері мен қонақтарына зиян келтіруі мүмкін. Процедура арнайы препараттарды қолдану арқылы мал дәрігерінің бақылауымен ауыртусыз жасалады. Мүйіз кесілген соң, бәрін антисептикалық заттармен өңдедік. Қазір бұғылардың жағдайы жақсы, — дейді хайуанаттар бағының қызметкерлері.

    қатысты посттар

    Қазақстанда Конституциялық сот құрылатын болды

    Фариза

    Педагогті жұмысқа қабылдау туралы шешімді көпшілік қабылдайды – Асхат Аймағамбетов

    Фариза

    «Қош бол, Сайрагүл!» Қазақстаннан баспана ала алмаған Сайрагүл Сауытбай шетелге кетті

    Пікір қалдыру

    3 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.