-5.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылдықтар жарады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысының әкімі жауаптыларға тұрғындарды вакцинамен қамту жұмыстарын күшейтуді жүктеген болатын. Коронавирусқа қатысты тұрғындарды екпемен қамту бойынша аудандар рейтингінде Мойынқұм (94,4%), Меркі (88,3%), Т.Рысқұлов (83%), Жамбыл (81,1%), Жуалы (79,7%) аудандары көш бастап тұр.

    Вакцинациялауға жататын және медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ облыстың 10 ауданындағы 55 ауылдық округтің тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін толығымен алды. Вакцинациядан кейінгі асқынулар ешкімде байқалған жоқ. Енді тұрғындар кесте бойынша екінші компонентті алады.

    Айта кетер болсақ, Мойынқұм ауданында 14 ауылдық округтің тұрғындары, Талас ауданында 12 ауылдық округтің тұрғындары толығымен вакцинациялаудан өткен.


    Сарысу ауданындағы 10 ауылдық округтің 7-уінің тұрғындары 100 пайыз COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырған.

    Облыс аумағында 43 егу пункті жұмыс істейді, оның 15-і Таразда және 28-і аудандарда. Вакцинаны сақтауға және тасымалдауға арналған тоңазытқыштар және рефрижераторлық үлгіде орнатылған тоңазытқышы бар белсенді термоконтейнерлер алынды.


    Ақпараттық-түсіндіру топтары тұрғындарға пандемиямен күресудің ең тиімді әдісі – жаппай вакцинация арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру екенін еске салуда. Вакцинация көптеген жұқпалы аурулармен күресу үшін қолданылады және иммундық жүйені нығайтады.

    Жамбыл облысында 09.09.2021ж. дейін тәулігіне – 6357 адам екпе алды, оның ішінде 1- айналымда 3821 адамға, 2 — айналымда 2536 адамға екпе жасалды. 09.09.2021ж. жағдай бойынша 1 рет барлығы – 425762 адам вакцинацияланды, бұл 582 мың адамның 73,2%-ды құрайды, оның ішінде 19251 — медицина қызметкерлері (4,5 %), 39060 — білім беру ұйымдарының қызметкерлері (9,2%), 19098 – күш құрылымының мамандары (4,5%), 7715 — мемлекеттік қызметкерлер (1,8%), 19004 — студенттер (4,5%), 573 — әлеуметтік мекеме қызметкерлері (0,1%), 75775 — созылмалы аурулары бар тұлғалар (17,8%) және 245287 — басқалары (57,7%).

    Екпе алған 425762 адамның, 303509 вакцинаның екінші компонентін алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ. Вакцинация жұмыстары жалғасуда.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: Дәрігерлер сақтық шараларын күшейтуді ескертеді

    Фариза

    Қызылорда: Жаңақорған ауданындағы 30-ға жуық елді мекенге су жүйесі тартылады

    Фариза

    В ШЫМКЕНТЕ ЗАПУЩЕНО ПРЕДПРИЯТИЕ ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ОТХОДОВ СВИНЦОВОГО ЗАВОДА

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.