-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    LRT ісі: қорғаушы апелляциялық сотқа Исекешевті, Сағынтаевты, Досаевты, Тасмағамбетовті шақыруды сұрады

    Елордалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Рашит Аманжоловтың қорғаушысы Сәуле Ақатова апелляциялық сот отырысында осындай өтініш білдірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі,  inbusiness.kz порталына сілтеме жасап.

    Айтуынша LRT құрылысы кезінде қаржыны жымқыру фактісі бойынша апелляциялық сотқа куә ретінде Қазақстанның бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларын шақыру керек. Оның ішінде ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев және Қазақстанның Ресейдегі экс-елшісі Иманғали Тасмағамбетов бар.

    Заңгердің пікірінше апелляциялық сатыда қарама-қайшылықтарды жою және шындықты анықтау үшін жоғарыда аталған лауазымды тұлғалардың пікірін білу маңызды.

    «Біз сотқа куә ретінде бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовті, сол кездегі премьер -министрдің бірінші орынбасары, қазіргі Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты, кезіндегі Индустрия және жаңа технологиялар министрі, ал қазір Президенттің көмекшісі қызметін атқаратын Әсет Исекешевті шаыруды сұраймыз. Оларды онлайн режимінде, қол қойған құжаттары негізінде, тиісті міндеттемелерді орындауы бойынша жауап беруге шақыру керек», – деді қорғаушы. Сонымен қатар Сәуле Ақатова LRT құру туралы шешім қабылдаған шенділер бұл жобаның мемлекет үшін маңызы туралы сұрақтарға жауап беруі керек деп есептейді. «Жобаның тиімсіздігіне қарамастан неліктен үкімет құрылысты тоқтатқан жоқ, керісінше жобаға  бюджет қаражатын бөлуді жалғастырды», – деді заңгер.

    Сондай-ақ ол Нидерландыдағы Қазақстан елшісі Асқар Жұмағалиевті, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры директорлар кеңесінің төрағасы Болат Жәмішевті, Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетовті шақыртуды сұрады.

    «Бұл адамдардан Аманжоловқа тағылған айып тұрғысынан қабылданған шешімдер бойынша жауап алу қажет. Әйтпесе, Аманжоловтың қандай әрекеттері заңға қайшы екенін біле алмаймыз», – деді қорғаушы.

    Сәуле Ақатованың айтуынша, жоба аясында жұмыс істеген шетелдік серіктестер де сотта куәлік ету қажет.

    «Іске тікелей қатысты екі адам – елорда әкімінің экс-орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен Astana LRT басқарма төрағасы Талғат Арданды сот отырысына алып келу керек», – дейді заңгер.

    Айта кететіні қазір аталған тұлғалар халықаралық іздеуде. Бірақ іс бойынша сотталғандардың қорғаушылары жауапты ведомстволардың оларды тиісті деңгейде іздестірмей жатқанына сенімді.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    VII ғасыр бұрын коронавирус хадисте «ақ өлім» деп көрсетілген

    Фариза

    «200 мың теңге бердік, бізді жаппайды…» — Сарыағаш тұрғындары жезөкшелер ордасының жабылуын талап етуде

    Қордайдағы қақтығысқа қатысты 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды, оның 11-і адам өлтіру дерегі бойынша

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.