-6.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбыл облысында эпизоотиялық жағдай тұрақты

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте өңірдегі ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыстар барысы қаралды.

    Айта кетейік, Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 1 қыркүйектегі Жолдауында ветеринария саласын реформалау, орталық пен өңірлердің нақты міндеттерін айқындау, үрдістерді цифрландыру, малдәрігер мамандарын дайындау, жалақыларын өсіру сынды маңызды тапсырмалар берілген болатын.

    Жиында баяндама жасаған облыс әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов тиісті ұсыныстар әзірленіп, Президент Жолдауын орындау бойынша түзілген іс-шаралар жоспарына енгізу бойынша жұмыстар жүрпгізіліп жатқанын жеткізді.

    Басқарма басшысы өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы өңірлегі мал басы 10 пайызға көбейгенін, соған сәйкес оларға көрсетілетін ветеринариялық алдын алу және диагностикалық іс шаралар ауқымы да кеңеюде екенін тілге тиек етті.

    Диагностикалық іс-шаралар жүргізу үшін қан сынамаларын алу жұмыстары да аудандар кескінінде жоспарға сай орындалуда. Бруцеллезге шалдыққан мал саны да былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір азайған, 2020 жылдың 8 айында 267 ірі қара, 1157 қой-ешкі бруцеллезге шалдықса, биылғы жылдың осы кезеңіне 255 ірі қара, 821 қой-ешкі бруцеллезге оң нәтиже көрсетіп, ірі қара 5 пайызға, қой-ешкі 40 пайызға төмендеген. Адамдар арасында да бруцеллез ауруына шалдығу 2020 жылдың 8 айында 82 адам болса, биылғы жылы 8 айда 52 адам ауырып, 30 адамға немесе 36 пайызға азайып отыр,-деді басқарма басшысы.

    Баяндамашының айтуынша, эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарға сай уақтылы атқарылуда, аса қауіпті ауруларға қарсы егілетін вакциналар толық көлемде келіп түсіп, сегіз айлық жоспар 100 пайызға орындалған.

    Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерек қорында 537 000 ірі қара, 3 853 000 қой-ешкі, 167 000 жылқы, 7 740 түйе тіркеліп тұр. Бұл көрсеткіш Республикада өңірлер бойынша Түркістан, Алматы облыстарынан кейінгі 3-ші орында.

    Аталған басқарма тарапынан ұсыныстар беріліп, әр ауданда ветеринариялық клиникалар мен шалғай ауылдарда дәріханалар ұйымдастырылуда. Ағымдағы жылдың бірінші маусымындағы мәліметке сәйкес, 99 ауылда ветеринариялық дәріхана, 3 ауданда клиника ашылса, соңғы екі айда 36 дәріхана және 8 ауданда клиникалар іске қосылған. Ал, Жуалы, Мойынқұм, Талас аудандарында клиникалар жыл соңына дейін ашылады деп күтілуде.

    Облыс аумағында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар өз деңгейінде орындалуда. Эпизоотиялық жағдай тұрақты. Аса қауіпті мал аурулары тіркелген жоқ. Аудандық ветеринариялық станциялар тарапынан аурулардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарыветеринария басқармасымен тұрақты бақылауда,-деді Е. Жиенқұлов.

    Басқосуда облыстық аумақтық инспекция басшысы Жандар Коекеев ветеринарлық салаға жасалған бақылау жөнінде айтып өтті.

    Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ветеринарлық саланың аса маңызды екеніне тілге тиек етіп, саладағы мамандардың біліктілігін арттыру, немқұрайлылыққа жол бермеу, қажеттілікке қарай питомниктер салу, оларды мұқият тексеріп отыру, заңсыз сауда орындарында сатылатын сүт, ет өнімдерін зерделеу және тағы басқа мәселелерге тоқталып, профиолактикалық шараларды күшейтуді жүктеді. Сондай-ақ, аймақ басшысы барлық шаруашылықтар мен тұрғындардың қыстауға әзірліктерін, жем-шөп қорының жеткілікті көлемде дайындалуын тағы бір пысықтауды тапсырды.

    қатысты посттар

    Көгілдір отын — көптің қуанышы (видео)

    Семейде жыл басынан бастап абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 1200-ден аса тұлға жауапқа тартылды

    Шымкенттің шағын аудандарындағы көшелерді орташа жөндеу жұмыстары басталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.